Алтын күз! — Балабақшадағы ертеңгіліктер

0

 

Алтын күз!

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

«Дарын» балабақшасы

Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна

№8 ересектер тобының балалары әсем безендірілген залға кіреді, ән ырғағымен би қимылдарын қайталайды 2018 жыл.

Амина:

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын күз,

Сары алтынға малынған

Жетті міне, алтын күз! –

Ақерке:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз!

Али:

Жомарт көңіл, жарқын күз

Берекесі халқымның

Қош келіпсің алтын күз

Құт қонағы төрімнің!

Мейрамбек:

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді.

Жарқыраған сәулелі,

Күз әуені төгілді.

«Күз тамаша» — әні орындалады.

Орыс тілінде тақпақтар. (Жансая, Ганиет)

«Ах, какая осень» — ән орыс тілінде.

Дәубек:

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі жақсылығы, әртүрлі мерекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

Мұстафа:

Күз – адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары бояуға малынған, екіншіден, алтын – байлықтың белгісі. Екеуін астастырып Алтын күз деп атаған.

Сезім:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Жапырақтар — биі

Жүргізуші:

Мереке бүгін, күздің міне келгені

Күздің бізге бақыт — байлық бергені.

Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»

Бәрімізді қуаныш күйі тербейді.

Дәубек:

«Бақша патшалығында» — атты көріністі тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші: Бақша патшалығына Қарбыз- әке әмірлік етуде.

Қарбыз:

Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шығады.

Шөлің әбден қанады,

Көзің шамдай жанады.

Тамылжыған шырыным,

Таңдайыңда қалады.

Жүргізуші: Патшайымымыз — Асқабақ та осында…..

/Асқабақ патшайым шығады/

Асқабақ:

Асқабақтың дәмі,

Таңдайыңда әлі.

Кептірілген дәнім,

Таптырмайтын дәрі.

Қарбыз:  

Асқабақ патшайым – бақшаның сәні,

Оны құрметтейді  көкөністің бәрі.

Жүргізуші:

Ал сұлу Сәбіз ханшайымның,

Бәрі келеді қолынан.

/сәбіз шығып тағзым етеді/

Сәбіз:

Көкөніспін қалаулы,

Жасамас менсіз палауды.

Кім бар сәбіз шырынын,

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар,

Кем болмайды күшке де!

«Бұл алтын күз» — әні орындалады.

Жүргізуші: Сонымен, Қарбыз – әке қандай шешімге келді?

Қарбыз:  

Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар,

Сайыс жариялаймын!

Бақша патшалығының ең епті, күшті, көрікті жеңімпазын анықтаймыз.

Жүргізуші: Көкөніс, жеміс, жидектер асығып, соңғы сән бойынша киініп, көрсетпекші қонақтарға өнерін.

Айлана:

Мен алқызыл шиемін,

Күн сәулесін сүйемін.

Тақпақ та бар мен жайлы,

Мәртебеге иемін.

С.Бексұлтан: 

Ал мен болсам өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Тосап та мен, шырын мен,

Алса егер теріп кім?!

Ботагоз:   

Дәруменге толы ішім,

Таңқурай боп толыстым.

Теріп алса ағызбай,

Қуанамын сол үшін!

Жүргізуші:

Сарайға келді ақыры,

Граф – көк Қияр!

Қияр граф.

Қызықтың ба қиярға,

Ал да жей бер ұялма.

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр ма?

Тағы да менің сыйым бар.

Қарбыздарды достық биін билеуге шақырамын ортаға

«Қарбыздар» — биі

Сәбіз:  

Көргеніме қуаныштымын

Бақша патшалығында.

Сыйлығыңда, билерің де тамаша.

Жүргізуші: Кезекте бұршақ ханзада.

Қарбыз: Кіре берсін!

Бұршақ ханзада:

Кішкенемін,

Ұнаймын бәріне.

Дәмді тағамдарыммен,

Сый жасаймын бәріне.

Жүргізуші:  

Италиядан келген синьор—

Өте маңғаз Қызанақ.

Қызанақ синьор:  

Қып-қызыл боп қалғанда,

Аузыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Піскен кезде қызанақ,

Көз тартар қызыл түсімен.

Жүргізуші: Тағы бір үміткер — Пияз келді!

Пияз: 

Граф та, Бұршақта, Қызанақ синьор да емеспін, Пиязбын.

Бола аламын адал досы Ханшайымның.

Көңілді тапқыр, тентектеу…

Өтінемін, Сәбіз, болшы менің  жан досым!

Мен жалғыз емеспін,достарыммен келдім.

Ағылшын тілінде тақпақ, ойын.

Жүргізуші: Бұл неткен шу өзі?

Арамшөп:

Ал мен мықты үміткермін,

Арамшөп болады  атым менің,

Қуатыммен, күшіммен,

Жаулап алам оның жүрегін!

Сәбіз:

Жоқ-жоқ, достасқанша арамшөппен—

Өмір сүрмегенім артық мүлдем.

Арамшөп:

Жақсылықпен келісім бермесең,

Өзіңді күшпен алып кетем!

Сәбіз: 

Ах, көкөністер, көмектесіңдер,

Арамшөпті алып кетіңдер!

Қияр граф:

Күресуге қартаңдаумын..

Тек үйленуге ғана дайынмын.

Бұршақ ханзада:

Жыртылып қалар ол,

Қатал шайқаста!

Біздің қатысымыз жоқ мүлдем!

Қарбыз-әке:

Ешқайсысың көмектеспейсіңдер ме?

Батылдықтарыңды көрсетпейсіңдер ме?

Асқабақ патшайым:

О! Жалынамын, көмектесіңдер…..

Пияз: 

Жыламаңыздар, өтінемін!

Ақсүйектер қатарына кірмесем де,

Бақша да бұрыннан өмір сүремін.

Ей, сен арамшөп,

Қане, батырлығыңды көрейін!

/пияз арамшөппен семсерлеседі/

Жүргізуші:  

Екеуі ұзақ шайқасты,

Семсерлері талай шайқасты.

Соңғы рет Пияз соққы берді,

Арамшөп тұра қашты!

Жүгірді жан ұшыра,

Қарамады артына.

Ал Пияз Сәбізге келіп,

Достасуды сұрады..

Сәбіз:

Өтінемін сіздерден,

Достасайық бәріміз.

Қарбыз-әке: Басталсын  дереу  ойын-сауық.

Жүргізуші:

Күзде өздері пісетін,

Тамаққа келіп түсетін.

Өнер көрсетті сіздерге,

Көкөністер сан түрлі.

Бақша патшалығында,

Достық тойы одан әрі жалғасады.

Қазан — әні

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Елімізде болсын әр кез молшылық — дей отырып бүгінгі «Алтын күз!» — атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



http://www.bilim-all.kz/