Талғат Сайрамбаев | өмірбаяны

0

Сайрамбаев Талғат Сайрамбайұлы 1937 жылы Шымкент облысында дүниеге келген.

1960 жылы Шымкент педагогикалық институтын, 1964 жылы ҚазКСР ҒА тіл білімі Институтының аспирантурасын бітірген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде филология факультетінің қазақ тілі кафедрасында 1971 жылдың тамыз айынан бастап еңбек етеді. Дайындық факультетінің декан орынбасары, деканы (1972-1980 жж.), ҚазМУ-дың докторанты (1980-1982 жж,), филология факультеті сырттай оқу бөлімінің деканы (1986-1987 жж.), қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі (1989-1999 жж.), 1999-2002 жылдар аралығында қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1964 жылы кандидаттық, 1989 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Қазақ тілінің синтаксисі бойынша ірі зерттеу жұмысымен айналысады.

Оның ғылыми жетекшілігімен 24 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. ҚазКСР Жоғары білім беру ісінің үздігі.

Оның қазақ тілінің синтаксисі мәселелеріне қатысты 180-нен астам ғылыми еңбегі басылып шықты. «Обстоятельство, выражение именами», «Главные члены предложения в казахском языке» (тел авторлықта), «Вводные слова в современном казахском языке», «Словарь ограниченных сочетаний в казахском языке», «О сложных словосочетаниях в казахском языке» атты монографиялары тілші ғалымдардың тарапынан оң бағасын алды.

Негізгі ғылыми еңбектері:

— Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы, 1983.

— Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. –Алматы, 1996.

— Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. –Алматы, 1996.