Қазақша реферат: Рудольф Нуреев өмірбаяны |
Классикалық би әлемінде есімі алтын әріппен жазылған ғажап бір адам өткен дүниеден. Иә! Иә, ХХ-шы ғасырдың дара адамы десе де болғандай. Ол — Рудольф Нуреев ! Башқұрстандық татар перзенті. Сонау өткен ғасырдың 61-ші жылында Ленинградтың (Санкт-Петербург) Киров атындағы опера және балет театрының жас бишісі Кеңестік «Темір шымылдықтың» быт-шытын шығарып, гастрольдік сапары кезінде Парижде қалып қойды. Сол-ақ екен, дүние жүзілік ақпарат көздері жамырай жөнелісті. Әлем біткен шулап шыға келді. Коммунистер елі ашу-ызадан не істерін білмей, әбден-ақ аласұрды. Әкесі: — «Сатқынсың» — деп аһ ұрды. Шешесі: — «Үйге қайт» — деп жер тепсінді. Әрине, оның бәрі де Кеңестік ұйымдардың айтуымен жасалып жатқан күлкілі тіршіліктер еді. Бірақ, ол алған бетінен қайтпады. Не де болса, пешенесіне жазылған нэрсені түлабойымен тосып алғысы келді. 1938-ші жылы пойыз үстінде дүниеге келіп, үш қыздың арасында жалғыз өскен еркін ұл тумысынан зерек те алғыр болды. Қиялы ұшқыр, өте-мөте сезімтал да сергек перзент жүрегінің толассыз атқақтауы елден ерек-тін. Балғын денесі балбырап, буындары майысып, иілгіш қол-аяғы ертелі-кеш тыным таппайтын. Өфе шэһарындағы көркемөнерпаздар үйірмелерінің би ғимараттарында Рудольфтың ізі қалмаған жай жоқ та шығар. Жас жеткіншектің биге деген ықыласы ғаламат болды. Сол бір биге деген керемет қүлшыныс оны Ленинградқа (Санкт-Петербург) еріксіз алып келген еді. Би училищесіндегі тамаша табыстарымен ұстаздарын тәнті еткен жас Рудольфтың орындаушылық талантын ашуда зор еңбек сіңірген айтулы бапкер Александр Иванович Пушкиннің орны өзгеше болды. Нак сол жылдарда, сол училищеде білім алған біздің атақты жерлесіміз, би өнерінің әйгілі шебері Болат Ғазизұлы Аюхановтың да өзінің замандас эріптесі Р.Нуреев жөнінде эр жолы қызғылықты шертер әдемі әңгімелері бар:
— «Ол оқып жүргенде-ақ асқан зеректігімен көзге түсіп жүрді. Күндіз-түні театрдан шықпаушы еді. Маңдай тері суша сүмектен, тірсектері майысып кеткенше жаттығулар жасаудан жалықпайтын. Өзінің сүйікті ұстазы А.И.Пушкиннің айтқандарын бұлжытнай орындайтын нағыз қүйма-құлақ шәкірттің өзі еді. Дене бітімі, қол-аяғы, жүрек қалауы, эсем қимылы — бәрі-бәрі де балет өнеріне кажетті қасиеттердің кез келген талаптарына толығынан жауап беретін. Соның нәтижесінде, ол, ақыры, Ленинград (Санкт-Петербург) опера жэне балет театрының бишісі атағына ерте ілікті. Аталған театр сахнасында ол Алла Сизова, Ирина Колпакова, Нинель Кургапкина, Алла Осипенко сынды балет өнерінің сол кездергі жүлдыздарымен деңгейлес, серіктес те болып үлгерді. Солардың ішінде оның пір түтары — Алла Шелест еді. Ұлы балеринамен ол «Жизель» мен «Лауренсияда» жасындай жарқылдағаны есімде қалыпты. Альберт, Солор, Дон Кихот, Андрия секілді жетекші партияларды орындау үстіндегі оның құстың қауырсынындай жеңілдігі, эбден қырланып-сырланған өзіндік шеберлік мэнері (стилі), романтикалық самғаулары кэсіби балет өнерінің жанашырларын түгелдей тамсандыратын. Әйтпесе, алыстан келген татар баласын орыс сахнасы өзіне тым жақындата қояр ма еді?!» Иэ, парталас һәм әріптес дос Болат Аюханов Рудольф жайында әрдайым осылай толғанады. Сонымен, Ленинград та, А.И.Пушкин де, А.Шелест те қол бүлғап артта қала берген. Қызылды-жасылды көз арбар сан қызықтарымен Батыс элемі оны өз тұңғиығына елеусіз тарта берді. Сол кеткеннен молынан кетуге бекінген Рудольф Париж сахнасына шыққан алғашқы күндерінен-ақ өзіне бүрындары бейтаныс бір еркіндік сезімдеріне бөленгендей болған. «Баядерка» балетіндегі Солор — оның ең сүйікті кейіпкері. Соған тамсана қол соққан Париж жұртшылығы «Жасасын Рудольф Нуреев!» деп ентігісті. Жанкүйерлер жедел желпінісе жөнелді. Ол Клэр Мотт, Аттилио Лабис сынды француз балетінің хас жүлдыздарымен шын достасып үлгерді. Олар Қиыр Ресейдің Башқүрстан өлкесінен балет секілді үлкен өнерге қүйрықты жүлдыздай болып ентелей енген Рудольфты: «Киров театры өз ғарышкерін сэтімен тапқан, оның есімі-Рудольф Нуреев», — деп түрлі басылым беттерінде жер жаһанға жар салып жатты. Әсіресе, ресейлік жас перінің басын айналдыра түскен Франция мэдениет министрінің үлы Винсент Мальроға түрмысқа шыққан Клара Сент ханым еді. Сол бір түстарда Францияның оңтүстігінде іс-сапарда жүріп, көлік апатынан қаза тапқан Винсенттің қаралы жесірі эркез Рудольфтың қасынан табылып жүрді. Жалғыздықтан жапа шегіп жүрген балет өнерінің керемет жанашыры Клара Сент айрықша асау сезім иесі қызба Рудольфты франциялық үрдістерге жайлап тарта берген. Қайда барса да — өз еркі, алып шәһар тіршіліктері ғажап көрінді. Түннің бір уағына дейін «Сен-Мишель» мейрамханасының есігі айқара ашық. Осылайша, Клара Сенттің арқасында танысқан өзінің франциялық жаңа достарымен әмпей-жәмпей бола кеткен Рудольфтың шаттықтан басы айналып, көзі қарауытқандай болды… Әлбетте, ол осылайша өмірбаянын мүлдем өзгер-туге біржола шешім қабылдаған болатын. Сонау откен ғасырдың 61-ші жылындағы 17-ші маусым күнгі Ле-Бурже әуежайындағы күтпеген жағдай күллі әлемді дүрліктіргені тарихтан мәлім.
— «Менің осындай күрт шешім қабылдамауға басқадай мүмкіндігім де жоқ еді. Кім не ойласа да, мен өзімнің осынау қадамыма дән риза болдым», — деп жазды ол өз естеліктерінде кейінірек. Ол Париждегі гастрольдік күндерін өзінше сэтті өткізіп, әріптестерімен бірге Лондонға сапар шеккелі тұрған. Бүлдірген — орыстардың өздері. Жас артистің тым еркінси жүргенін жақтырмаған олар оны Парижден Ресейге кері аттандырып жібергілері келген. Шығармашылық табыстарына еліріп алған жас пері оған көне қойсын ба? Ішкі ерегістің соңы осындай «сатқындыққа» апарып соқтырған. Әлбетте, Парижде бой тасалап қалғанымен, оның жат жердегі көрер құқайы эсте де жеңіл болған жоқ. Кеңестік тыңшылардың құрған торына түсіп қалмау жолында ол көрмеген пэле жоқ еді. Газет-жорналдар оны біресе мақтап, біресе даттап, жамыраса жазып жатты. «Еркіндікті аңсау», «Орыс өмірі оңай емес» деген секілді мақалалар басылым беттерінде қаптап жүрді. Болар іс болды. Жаңа өмір бастаудан басқа жол жоқ. Әйтсе де, ол тіксініп қалды. Батыстың би өнерінен мағлұматы мүлдем аз екенін (көп үзамай) байқап білді. Маркиз де Куэвастың балет тобынан алған әсері мардымсыз болды. Көңілі көншімеді. Туынбады. Алты айлық келіссөз алты жылдан үзак көрінді. «¥йқыдағы аруда» Ханзаданы (Принц) билегенде байқағаны — эріптестерінің шеберлігі өзіне қарағанда элдеқайда төмен екен. «Қателескен жоқпын ба?» — деп үрейленді ол алғашқыда. Оның үстіне, баяғы ресейлік ұстазы А.И.Пушкиннің оған арнайы жазған хаты да оның дегбірін қашырды. Ол өз хатында Париж балетінің әлсіздігін, Еуропа үрдісінің тұрақсыздығын, ондағы моральдік тазалық пен балет техникалық тәсілдерінің өзара байланыссыздығын қадай айтыпты.