Сәйділ Талжанов | өмірбаяны

0

Сәйділ Талжанов (1906–1972) 6 қыркүйекте қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Захаровка селосында туған. 

Филология ғылымдарының докторы (1972). ҚазПИ-ді бітірген (1934). Қазақ КСР Оқу министрлігінде, Ауыл шаруашылығы институтында (1934–1937), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (1956–1958), Қазақ КСР Ғылым академиясында (1958–1972) қызмет істеді.

Алғашқы әңгімелері 1927 жылы жарияланды. «Ұстаның үйі» (1957), «Сейфолланың Сәкені» (1959), «Адам туралы аңыз» (1965) повестері жарық көрген. «Көркем аударманың түйінді мәселелері туралы» кандидаттық диссертация қорғап (1961), аударма мәселесі туралы құнды-құнды еңбектер жазды. А.С.Пушкин, М.Горький, В.Г.Белинский, Ф.М.Достоевскийдің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударды. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

Шығармалары: Степной сокол. А., 1967; Ұлтай кегі. А., 1968; Орыс ойшылдары. А., 1971; Аударма және қазақ тілінің мәселелері. А., 1975; Өткен күндер сөйлейді. А., 1979.