Сұлтан Оразалы | өмірбаяны
Сұлтан Шәріпұлы Оразалы — 1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Аягөз қаласында туған.
1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген.
1969 жылы Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, бас редактор қызметін атқарды. Қазақстандағы көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қазақ телевизиясының әдебидрамалық программалар бас редакциясын тұңғыш рет ұйымдастырып, он бес жылдан астам басқарды. Осы жылдарда оның қаламынан жүздеген әдеби телесценарийлер мен телепьесалар туы, көгілдір кранда қойылды. Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы» т.б. хабарлар циклы мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын» т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды. Ш. Айтматов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, Т. Ахтанов, С. Беғалин т.б. туралы «Сұхбат» сериясынан көрсетілген бейнефильмдері қазақ телевидениясының алтың қорына қосылған үздік шығармалар болып табылады. Бүл күнде кеңінен танымал «Айтыс» хабарын ол тұңғыш рет ұйымдастырып, көп жылдық бағдарламасын жасады, алғашқы хабарды өзі эфирде жүргізді. С.Оразалы ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнер т.б. кайта жаңғыртып, когілдір экранда насихатталуына зор үлес косты. Жазушы 1984–1986 жылдары Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, көркем әдебиет секторының меңгерушісі болды, 1986–1993 жылдары Республикалық «өнер» баспасын басқарды. 1993–1995 жылы ҚазақстанРеспубликасы Тіл комитетінің төрағасы, 1997–1998 жылы Білімжәне мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, ал 2000–2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің төрағасы, 2001 жылдан бері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары болса, 2001 жылдың соңынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Әділет министрлігінің құқыктық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметін атқарды. Бүл күнде құқыктық әдебиеттер шығаратын, бейнефильмдер жасайтын, дәрістер оқуды ұйымдастыратын Әділет министрлігінің жанындағы «Заң — насихат» ЖШС-ның бас директоры. Ол — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік саясат жоніндегі Ұлттық кеңестің (1993–1998 ж), Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің (1994–1998 ж), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығын беру жоніндегі Мемлекеттік комиссияның (1986–1998 ж) мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып сайланды. Бес министрліктің алқа мүшесі болды. Қазақстанның онамастикалық, терминологиялық комиссияларының жұмысын басқаруға белсене қатынасып (1993–2005 ж), көптеген жер атауларының тарихи калпына келуіне зор улес косты. Ондаған монографиялық еңбектердің авторы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001 жылы), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981 жылы) құрметті атақтарымен және КСРО телевизиясы мен радиосының (1981 жылы), ҚСРО баспасөзінің (1991 жылы) үздігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтың барыс» және Әділет министрлігінің «Фемидаға адал қызметі үшін» белгілерімен марапатталған. Ол — Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының (1974жылы), Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың (1995 жылы) иегері, бірнеше институттардың Құрметті профессоры, Халықаралық телевизия және радио академиясының (JATR) академигі