Сайлау Байбосын | өмірбаяны

0

 

 Сайлау Байбосын1958 жылы 16 наурызда Ақмола облысы, Ерейментау ауданындағы Ажы ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, туған ауылында жылқышы, жүргізуші болып еңбек еткен. Целиноград кооперативтік техникумын аяқтаған соң, біраз жыл сауда саласында қызмет істеген. 

 

1987 жылдан Ерейментау аудандық мәдениет бөлімінде, 1997 жылдан Ерейментау қаласындағы Үмбетбей жырау атындағы мәдениет үйінде жас ақындар мектебінің жетекшісі, сондайақ, аудандық «Ереймен» – «Ерейментау» газеттерінде әдеби қызметкер, редактор, 2006 жылдан Ерейментаудағы аймақтық «Ереймен елі» – «ИнфоРейтинг» газеттерінің редакторы болып қызмет атқарған. «Дат» атты өлеңдер жинағы (2002), «… деген екен Ерейменде» атты кітапшасы (2003), «Рух» деген атаумен өлең, әзіл әңгімелер жинағы (2008), «Ерейментау» тарихитанымдық кітабы (2009) жарық көрген. «Мысли, афоризмы и шутки знаменитых мужчин» атты кітапты (Мәскеу, «Эксмо» баспасы, 2005 жыл) тәржімалаған.

 

1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. Республикалық, облыстық деңгейдегі жыр мүшәйраларының, ақындар айтысының жүлдегері.