«Қарасам аяғы жоқ» Алматы аялдамасындағы сұмдықтың мән-жайы белгілі болды

0
91

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Үш адамды қаққан жүргізуші орташа дәрежеде мас болғанын сот наркологиялық сараптама анықтады

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда автобус аялдамасындағы адамдарды қағып кеткен көлік жүргізушісі он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы, «көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» фактісімен іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

32 жастағы жүргізуші «Тойота» маркалы көлігін мас күйінде айдаған. Тізгінге ие бола алмай көлікті және аялдамада тұрған үш адамды қаққан. Артынша сол маңдағы тұрғын үйдің қоршауын қиратып барып тоқтаған, деп хабарлады «Астана» арнасы.

«Тізгіндегі ер азамат орташа дәрежеде мас күйінде болғанын сот наркологиялық сараптама анықтады. Ол бірден қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің осы нормасына сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Ол кісінің масайған күйде көлік айдағаны және осындай жол-көлік оқиғасын болдырғаны ауырлататын мән-жай. Сондықтан сот үкімі шықпай тұрып осы ауырлататын мән-жайларды есепке алады», – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аялдамада тұрған үш адам ауруханаға жеткізілді.  Екеуі көз жұмғаны белгілі болды. Олар 1978 жылғы келіншек пен 1988 жылғы қыз. Қазір екі аяғы сынып, бірнеше дене жарақатын алған тағы бір тұрғын ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап отыр. Төсекке таңылған 4 баланың әкесі көліктің қатты келгені соншалық қашып үлгере алмағынын айтады.

«Қарасам көлік ұшып келе жатыр екен. Қашып үлгере алмадым. Ана кісілерді де, мені де басты. Мен ұшып кеттім. Екі аяғым сынды. Басым жарылып, «сотрясение» алдым. Ол кісінің ұшып келіп қасыма құлағанын көрдім. Арамыз 50 см. Аяғы жоқ, шабылып қалған. Ана кісі ар жақта жатыр», – дейдізардап шегуші Манатбек Тобжанов.



sputniknews.kz