Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді — Қазақстан жаңалықтары

0

 

Саясаттанушы Андрей Чеботарев президент сайлауының келесі жылы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі ресми аяқталғанда өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанда президент сайлауы қашан өтеді

«Ал, сәуірде (2015 жылдың сайлауымен есептегенде) немесе желтоқсанда (ҚР Конституциясына сәйкес) болады, бірақ бұл басқа мәселе. Ол Конституциялық кеңестің рұқсатымен жүзеге асады», — деді сарапшы.

Оның айтуынша, елбасының президенттіктен кетуі белгілі құбылыс еді. Әсіресе, ҚР қауіпсіздік кеңесінің дәрежесі мен Конституциялық кеңеске ерекше мәлімдеме жасауынан соң мұны бәрі күтті.

«Нұрсұлтан Назарбаев оңтайлы түрде әрекет жасады. Біріншіден, оның саяси «байқағыштық» қасиеті бар. Сол үшін де еліміздің бірінші тұлғасы болды. Бұл тұғырды 30 жыл басқарып, қиындықтардан оңай шыға алды. Ол елімізде не халықаралық аренада потенциалды эксцесс болмай тұрып кетуді ұйғарған секілді. Яғни, мерзімінен бұрын кетіп, экономикада, саясатта болған өзгерістер үшін жауапкершілікті өз мойнынан алу үшін шетке ығысты. Екіншіден, елбасы Қазақстан президентінің өкілеттігін ең тұрақты және бақыланатын ортада беруді жүзеге асырды. Үшіншіден, ол Наурыз мейрамы қарсаңында кетуі арқылы белгілі бір үзілістердің бастамасы екенін көрсеткісі келді», — деп атап өтті Чеботарев.

Оның айтуынша, Назарбаевтың орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев президент орнына бұрыннан дайын еді. Алайда елбасының көмегінсіз әлі де бәрін атқара алмайды.

Саясаттанушы Назарбаевтың президенттіктен кетуін билік транзитінің бастамасы ғана екенін айтты.

Келесі маңызды қадам — бұл президент сайлауын өткізу.


Нумеролог Қазақстанның жаңа президентін сайлауға ең қолайлы күнді атады

stan.kz