Дариға Назарбаева: отбасы, балалары, білімі, еңбек жолы, ғылыми атағы

0

 

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрінің орынбасары, қазіргі сенат төрайымы Дариға Назарбаева туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған.

Отбасылық жағдайы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Әкесі – Нұрсұлтан Назарбаев, анасы – Сара Назарбаева. Бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар.

Білімі

М. Ломоносов атындағы Мәскеу унивеситетінің тарих факультетінде білім алған.

1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасына түскен, ал 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң, «саясат ғылымдарының докторы» ғылыми атағын алған.

Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.

Еңбек өтілі

  • 1992-1994 жылдары «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті;
  • 1994-1995 жылдары «Хабар» ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры;
  • 1995-1998 жылдары «Хабар» агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
  • 1998-2001 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ президенті;
  • 2001-2003 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы;
  • 2003 жылы «Асар» партиясының көшбасшысы;
  • 2006-2007 жылдары «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары;
  • 2004-2007 жылдары «Асар» партиясының тізімі бойынша мәжіліс депутаты;
  • 2010 жылы маусым айында «Нұрбанк» компаниясының директорлар кеңесінен шықты;
  • 2012 жылы мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени комитетінің төрайымы;
  • 2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін – мәжілістің вице-спикері;
  • 2015-2016 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары;
  • 2016 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін сенат депутаты;
  • 2019 жылдың 20 наурызынан Сенат төрайымы;

Ғылыми атағы

Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.

sputniknews.kz