Әйел адам кедей жігітінен құтылу үшін өз өлімін қолдан жасаған

0

Әйел адам кедей жігітінен құтылу үшін өз өлімін қолдан жасаған

Әйел адам кедей жігітінен құтылу үшін өз өлімін қолдан жасаған. Бұл туралы reactor.kz Life.ru-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. 
Ю есімді қытайлы әйел адам өзінің болашақ «жарымен» оның туыстарының үйіне барған. Алайда барған үйінде ол сүйіктісінің кедей отбасынан шыққанын көріп, көңілі суып кеткен.
35 жастағы әйел қосағынан құтылу үшін түнде қонақ үйден қашып шығып, өзін ұрлап кетті деген мағынада жалған хабарламалар жолдайды.
Артынша ол ұялы телефоны арқылы белгісіз залымның атынан өзін өлтіріп, суға лақтырып жібергені туралы сөз хабарлайды.
Шошынған жігіт бірден тәртіп сақшыларына хабарласады.
Ұзамай «өлді» деген ару тірі қалпында ұсталады. Келтірілген келеңсіздіктер үшін, аруды олар 10 күнге абақтыға қамап тастайды. 

 

http://inform.kz