ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ | Скачать Реферат

0
226


Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дінмұмед Ахметұлы Қонаевтың ғұмырнамасы
2. Дінмұмед Ахметұлы Қонаевтың қызметінің негізгі кезеңдері
3. Мемлеттік марапаттары
4. Қызықты ақпараттар
5. Д.А.Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бір ұлтты, бір халықты танып білу үшін кейде сол ұлттың, сол халықтың
бір азаматын көріп көп нәрсе пайымдауға болады. Сондай бір халықтың
өкіліндей адамның бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
Д. А. Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте
Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО
шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.
ХХ ғасырда Қазақстанда өмір сүрген мемлекет қайраткерлерінің ішінде
Д. А. Қонаевтың орны ерекше бөлек. Ол қазақтың, республиканың атына
көптеген игі істерімен абырой мен даңқ әкелді, дүниежүзіне танымал етті.
Өткен уақыт қаншалықты күрделіде қарама-қайшылықты болғанымен,
Д.А. Қонаевтың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылымды, ұлттың мәдениетін дамыту ісінде Қазақстанның көп ұлтты халқының алдында сіңірген еңбегі талассыз.
Оның өмір жолы тек бір азаматтың ғана емес, күллі бір ұлттың бір
ғасырлық өмірбаянына айналғаны мойындамасқа болмайтын шындық.
Сондықтан да, тәуелсіздік алғанымызды жалпақ әлем жер астынан жік
шыққандай көрмей, көптен күткен заңды оқиғадай қабылдады.
Сан ғасыр езгіге түсіп, сан ғасыр етек бастылық көріп қалған
халқымыздың бас-аяғын жинап, арғы-бергіге назар аудара бастауы да сол
Қонаев билік құрған кезеңнен басталғаны жұртқа мәлім.
Д. А. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Түрлі деңгейдегі
партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының
ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған
жоқ.
Өз халқының бір ғасырлық тарихының күретамырындай ұзақ та күрделі
ғұмыр жолын кешті.
Д. А. Қонаевты еске алған кезде – үлкен құрылыстар, өңделген
рудниктер, зәулім қалалар және Қазақстан тыңын игеру істері көз алдымызда
тұрады.
Д. А. Қонаев өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті, артында
өшпес із қалдырған ірі тұлға.
Қазақстан халқының ұлы саясаткері, мақтанышы Д. А. Қонаевтың 100
жылдығына орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кітапханасы, оқырманға Алып тұлға атты қазақ және орыс тілдерінде әдебиеттер көрсеткішін ұсынып отыр.
Көрсеткіште Д. А. Қонаевтың өмірі мен саяси портретіне қатынасты
мақалалар тізімі жинақталған. Әдебиеттер және мақалалар әріптік түрде
реттелген.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ
ҒҰМЫРНАМАСЫ
Д.А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында
Меңліахмет Жұмабайұлының отбасында дүниеге келген.
Қайраткердің балалық кезі аумалы-төкпелі, ашаршылық, халықтың басына
қара бұлт үйірілген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917жылғы Қазан
төңкерісі,кейіннен ашаршылық, Голощекиннің кезіндегі жұтпен тұспа-тұс келеді. Верный қаласыныңСарқант көшесінде Үлкен станцияда тұрған. Ол бастауыш сыныптардыАлматыдағы Чернышевский атындағы № 19 мектебінде оқып, 4-сыныпты бітірген соң оқуын осы күнгі Рахат кондитерлік фабрикасы орналасқан жердегі (қазіргі Жібек жолы мен Ш. Қалдаяқов көшелерініңқиылысы) № 14 мектепте жалғастырған. Ол кезде қазақ мектебі тапшыболған соң орыс мектебінде оқыған. Алғаш өзіне хат танытып, әліппені оқытқан, орыс тілін жетік меңгеруіне ықпал еткен алғашқы мұғалімі Анна Шурованы ерекше құрметтеген.
1931 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтына оқуға түседі. Тау-кен факультетінде оқып жүріп өзінің
саяси және мәдени ой-өрісін толықтырумен айналысады. Сол кездегі Кеңес Одағы астанасының мәдени және саяси өмірінде болып жатқан өзгерістерге барынша зейін қояды.
Д.А. Қонаевтың Мәскеудегі алғашқы оқу жылдары Кеңес Одағының және Қазақстанның адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңіне дәл келді. Бұл кезең аты
шулы ұжымдастыру және күштеп отырықшыландыру жылдары еді. Нәтижесінде барлық ел аштыққа ұшырап, жаппай қырылады. Мәскеуде оқитын еліміздің студенттерінің жиналыстарында Қазақстандағы қиын жағдайлар жөніндегі аса үрейлі хабарлар жиі талқыланады. Республикамыздағы осындай күрделі ахуал студенттердің оқу барысына, көңіл-күйлеріне барынша кері әсер етіп, олардың көбісі үйлеріне қайтуға мәжбүр болған. Дегенмен, Дінмұхамед Ахметұлы шыдамдылық көрсетіп 1936 жылы институтты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған соң,
Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа жіберіледі. Онда бұрғылау станогі машинисінен бастап, цех бастығы, бас инженері оның директоры болып істейді. Қоңырат руднигінде жұмыс істеген алғашқы жылы жас кен инженерінің Републикамыздың басшылықтағы құрамында КСРО Халық комиссариатының мәжілістеріне қатысады. А.Д. Қонаевтың сол кездің
өзінде осындай мәртебелі басқосуға шақырылуы кәсіби мамандығы мен шеберлігінің жоғарғы деңгейде болғандығын дәлелдейді. Осындай мәжіліске қатысқан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.А. Скворцовтың назарына жас әрі дарынды инженер Қонаев бірден ілігіп, Д.А. Қонаевтың болашақ қызметінің өсуіне белгілі деңгейде ықпал етеді.
Д.А. Қонаев 1939 жылы КОКП мүшесіне қабылданады. Осы жылы
Н.А. Скворцов бекем шешімге келіп Алматыға шақырады. Келешегі мол
мамандар санатына қосылған Д.А. Қонаев Шығыс Қазақстан облысында
жаңадан құрылып жатқан кенді Алтай қорғаныс кәсіпорнына жауапты
қызметке ұсынылып, Д.А. Қонаев соғыс алдындағы жылдары және Ұлы
Отан соғысының бастапқы кезеңінде майданның Қазақстандық арсеналының жауапты учаскелерінде қызмет атқарады. Одан соң еңбек баспалдағы – Алтайполиметалл комбинаты бас инженерінің орынбасары, техникалық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады. Риддер кенішінің және КСРО ірі қорғасын-мырыш кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасы директоры қызметін ойдағыдай атқарады.
Әскери қорғаныс руднигі мен зауыты Мәскеу және Алматының арнайы қызмет орындары мен партия аппаратының қатаң бақылауында болуы жұмыс
тәртібіне тиімді ұйымшылдық орнатуға, еңбек өнімділігінің өсуіне айтарлықтай ықпал жасады. Осылардың барлығы Д.А. Қонаевтың мінезіне де, жұмыс бабындағы іс-әрекеттеріне де өшпес із қалдырды. Ол басшылық жасаудың сан-алуан қыры мен сырын үйреніп, шыңдалды. Атап айтқанда, келешекті ойлап абай болу, нақтылы жағдайды бағалау, жүктелген жауапкершілікті толық сезіну сияқты қасиеттерді игерді. Осылардың бәрі Д.А. Қонаевтың қызмет бабындағы баспалдақпен жоғары көтерілуіне жол ашады. Дінмұхамед Ахметұлы соғыстың бастапқы кезеңінен бастап Республика көлеміндегі номенклатуралық қызметкерлер қатарына енді. Нәтижесінде, 1942 жылы 30 жастағы ол Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалады. Жаңа жұмыс бабында оған ауыр индустрия өнеркәсібінің, көлік және әскери қорғаныс салаларының жұмысын басқарып, бақылау жасау жүктеледі. Қатаң соғыс жылдары Д.А. Қонаевтың саясаткер болып қалыптасу кезеңі болды. Егер Д.А. Қонаев соғыс алдындағы аз уақыт ішінде Қазақстанның кенді Алтай секілді өлкесіндегі билік-басқару тұтқасын игерсе, соғыс жылдарының қиын-қыстау кезеңінде республикалық деңгейдегі билік жүйесіне қол жеткізді.
Ол өзінің әріптестерімен бірге республиканың жаңа өнеркәсіп алаңдарына соғыс зардабынан батыс аудандардан көшірілген ондаған кәсіпорындарын тиімді орналастыра білді және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етумен бірге, республика индустриясының сапалы серпіліс жасауына ықпал етті. Соғыстан кейінгі он жыл шамасында республика партия ұйымының басында Жұмабай Шаяхметов болғаны баршаға аян. Қонаев жаңа басшының ұйымдастыру қабілетінің жоғары екендігіне көзіжеткеннен кейін онымен тіл табысып, мәмілеге келіп жұмыс істеді. Алайда көптеген мәселелерді шешуде екеуінің көзқарасы диаметралды қарама-қарсы болды. Дінмұхамед Қонаев ғылымға негізделген шешімді ұсынды, ал Жұмабай Шаяхметов болса туа біткен дарыны мен табиғи сезіміне сүйенді.
Дінмұхамед Ахметұлының ғылымға деген талпынысы мен құштарлығы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғауына әкелді. Кандидаттық диссертацияның негізінде оның бірнеше ғылыми еңбектері баспадан шығады. Олардың қатарында «Қоңырат руднигіндегі бұрғылау-жару жұмыстары» (1949), «Қоңырат мыс кенін қазу» (1949) т.б. жұмыстары бар. Үш жылдан кейін, 1952 жылы сәуірде Д.А. Қонаев Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және президенті болып сайланады.
Дінмұхамед Ахметұлы ғылыми қызметке ауысқан кезеңде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне сайлануы партия жүйесі жұмысының қыры мен сырын жақсы меңгеруге көмектесті. Осыған дейін Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаттығына сайлануы еліміздегі заң шығару құрылымын толық білуге мүмкіндік берді. Осылардың бәрі оған биліктің сапалық жаңа сатысына көтерілуіне жол ашты. Ендігі жерде кездейсоқтықтың еркімен келген және партия құрылымының шыңында отырып, қуатты қозғаушы күшке айналған тұлғаға тікелей байланысты болды. Сөйтіп, Қонаевтың саяси басшы ретінде Республикамыздың екінші басшысының дәрежесіне көтерілуі Никита Хрущевтің тың жерді игеру бастамасына тұспа-тұс келіп, 1955 жылы Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады. Кейінгі үш онжылдықтан астам мерзім тыңға байланысты мәселелер оның іс-әрекетінің
басты және өзекті буындарының біріне айналып, тұрақты көңіл аударуды және қамқорлық жасауды талап етеді.
Тың жерді игерудің жақсы және көлеңкелі салдары болды. Тың жерлерді игеру кең-байтақ еліміздің тұрғындарын нанмен қамтамасыз ету мәселесін шешті, жүйелі түрде көрнекті мөлшердегі астық жинауға қол жетті. Қазірдің өзінде де тың астығы елімізге айтарлықтай валютаның қайнар көзі ретінде, сонымен қатар, бұрынғы Кеңес республикаларымен, алыстағы шет елдермен қарым-қатынастардың кейбір мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік жасауда.
1960 жылғы қаңтардың 19 жұлдызында Д.А. Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады.
Алайда партия қызметі жайбарақат, жеңіл-желпі оңай басталған жоқ. Алда бірінші басшы ретінде билік-басқару жүйесінің көптеген түрлері мен әдістерін игеру ғана емес, қоғамдық-саяси жүйенің сан алуан қырлары мен сырларын білуге және игеруге тура келді. Жұмыс бабы шешілуге тиіс тек қана экономиканың кешенді мәселелерімен шектелген жоқ. Ол әлеуметтік, саяси, идеологиялық, мораль, психология, этика, халықтық дәстүр т.б. әртекті және көп қырлы, аса өткір мәселелерді қамтыды. Бұған қосарлана Никита Хрущевпен кішігірім және күрделі келіспеушілік басталып кетеді. Д.А. Қонаев бұл кісінің ойламай әрекет істеу төрешілдігін, дүрліктірушілдігін байқайды. Н. Хрущевпен күрделі жанжал Оңтүстік Қазақстан облысының
Бірнеше аудандарын Өзбекстанға беру жөнінде болды. Мәселе мынада еді: Шымкент облысының бірінші хатшысы И. Юсупов, облыстық атқару комитетінің төрағасы А. Бердалин, Оңтүстік Қазақстан өлкесінің төрағасы А.
Морозов 1962 жылдың 7 желтоқсанында Н. Хрущевқа, Д. Қонаевқа, М.
Бейсебаевқа хат жолдап, Өзбек КСР-на Қазақстанның Мақта-Арал, Ильичевка, Киров аудандарының мақта өсіретін шаруашылықтарын,
сонымен қоса келешекте игеруге даярланған бетпақ даланың барлық
жерін беруді ұсынды.
Д.А. Қонаев сол кездегі аппарат мүмкіншілігіне сай бұл ұсынысты жүзеге асыруға қарсылық білдіреді, алайда Н. Хрущевтің озбырлық қысымы бәрін өз
орнына қойып, нәтижесінде Д.А. Қонаев Республиканың үкімет басшылығына қайта оралды да, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Исмаил Юсупов сайланады.
1964 жылдың күз айында КОКП Орталық Комитетінің басшылары ұйымдастырған жасырын әрекет нәтижесінде Н. Хрущев қызметінен аластатылып, Д.А. Қонаев қайтадан Республика Компартиясының басшысы болды. Осы қызметті табаны күректей 25 жыл, яғни 1986 жылдың 16 желтоқсанына дейін атқарады.
Дінмұхамед Ахметұлының қайтадан бірінші хатшы болуы кездейсоқ әдеттегі қызмет ауыстыру емес. Ол КОКП жүйесінде аса белгілі тұлға болды. Д.А. Қонаев 1966 жылы КОКП ОК Саяси Бюросы мүшелігіне кандидат, бес жылдан кейін оның толық мүшесі болып сайланды, 21 жыл үздіксіз саяси бюро құрамында болды. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (екінші сайлауынан бастап және КСРО Жоғарғы Кеңесінің үшінші сайлауынан бастап) депутаты болып әлденеше рет сайланды. Қазақстан Компартиясының IV және одан кейінгі барлық съездерінің делегаты болды. V съезден бастап Қазақстан КП ОК-нің мүшесі. КОКП ХХ съезінен бастап (1956) Қазақстан Компартиясының бірінші хатшылығынан босатылғанға дейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы ОК мүшесі болып сайланып келді. Сонымен бірге Д.А. Қонаев 1962 жылдан бастап КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Кеңес мемлекеті мен КОПК Орталық Комитетіндегі аса жоғары мәртебесі
Д.А. Қонаевқа Республиканың сан қырлы мәселелерін неғұрлым қысқа мерзімде тым жедел шешуіне мүмкіндік берді.
Мүмкіндікті халық мүддесіне және игілігіне шеберлікпен барынша пайдалана білді.
60-шы жылдардың ортасында ел экономикасының мазмұны мен басты бағытын анықтау кең көлемде түбегейлі шаруашылық реформасын жүзеге асыруға тікелей байланысты болды. 1964-1984 жылдардағы 20 жыл кезең экономикадағы күрделі өзгеріс және табысы мол мерзім еді. Атап айтқанда,
Ертіс жағалауындағы Павлодар жылу-энергетикалық, Қарағанды-Теміртау,
Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау, Шымкент-Кентау көмір- металлургия
кешендері қалыптасты, Қарағанды 2-ГРЭС-і және Бұқтырма ГРЭС-і іске қосылды, мұнай өндіру және мұнайды өңдеудегі іздестіру-барлау технологиясы мүлдем жаңарды, техникалық процесс өнеркәсіптің түгел дерлік саласын қамтыды. Республикада аса бағалы металдар, титан, магний, болат, шойын, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, мырыш, алтын т.б. қазба байлықтар көп өндіріліп, жасанды каучукты шығару, өте ірі электротехникалық машине жасау кәсіпорындары салынып іске қосылды, химия өнеркәсібі қуатты салаға айналды.
Осы кезеңде Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70% қорғасын, 90% марганец, 87% фосфор тиесілі болды, көмір 220 млн. тоннаға, электр қуаты 78 млрд. кв. сағатты құрады. 70-жылдың аяғында 37 млн. дана аяқ киім шығарылды, 8 қант зауыты жұмыс істеді. 80- жылдың аяғында темір жолдың ұзындығы 15 мың шақырымнан асты.
Астық өнімі 29-30 млн. тоннаға, қой 35 млн, жылқы 1 млн. астам, ірі қара саны 7 млн.-ға жеткізілді. Республикамыздың барлық аудан орталықтары, шалғай елді мекендері, көптеген ауылшаруашылығы кәсіпорындары автокөлік жолдарымен жалғастырылды. Барлық өңірде тұрғын үйлер көптеп
салынды, ауыл бейнесі мүлдем өзгерді, радио, теледидар, телефон байланысын орнату, барлық облыс орталықтарында аэро, көлік, теміржол вокзалдарын салу, суармалы жерлерді игеру, канал мен су қоймаларының құрылысы, дәнді дақыл мен қызылша, көкөніс түрлері мен жем-шөп өндіру т.б. қыруар шаруа жүзеге асты.
Қазақстан Кеңес Одағы көлеміндегі 14-ші орыннан, алдыңғы Ресей Федеративті Республикасы мен Украинадан кейінгі үштіктің қатарына шықты.
Республикамыз жалпылама орта, кәсіби орта және жоғары білім салаларын, ғылымды дамытуда, мәдениетті өркендетуде бұрын-соңды болмаған сапалы табысқа жетті. Аталған жетістіктерді ұйымдастырып, аяғына дейін жеткізген Қонаев екендігі даусыз. 60-жылдың соңында, 70-жылдың басында Мәскеу мен Пекин арасындағы қатынас өте қарама-қайшылық жағдайға тап болды. Сөйтіп КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының шешімі бойынша Қазақстанда өте ірі Орталық Азия әскери округі құрылды.
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ
ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
1930 ж. – Алматы қаласындағы № 14 орта мектепті бітіреді.
1931-1936 жж. – Мәскеу қаласындағы М.И. Калинин атындағы
түсті металдар және алтын институты кен факультетінің студенті.
1936 ж. – институтты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алып,
Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне жұмысқа жіберіледі.
1937-1939 жж. – Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы
болады.
1939 ж. – Алтайполиметалл комбинатының Риддер кеніші
басқармасына директор болып тағайындалады.
1939 ж. – Жары Зуhра Шәріпқызымен некелеседі.
1939 ж. – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1939-1942жж. – Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат
руднигі (бұрғылау станогының машинисі, шебері, смена инженері,
учаске бастығы, бас инженер, рудник директоры). Алтайполиметалл
комбинаты – бас инженердің орынбасары және техникалық бөлімнің
бастығы. Риддер руднигінің, Лениногор кен басқармасының директоры
қызметтерін атқарады.
1942-1952жж. – Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары (кейіннен мемлекеттік аппараттың қайта құрылуына байланысты Қазақ КСР Министрлер Кеңесі) қызметін атқарады.
1947 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!