Петропавлда түнгі клуб маңында екі қызды қаққан күдікті полицияға өзі келген — новости Казахстана
Петропавлдағы ойын- сауық кешенінің алдында екі қызды қағып, қашып кеткен Lexus жүргізушісіне қатысты жаңа деректер шықты. Белгілі болғандай халықаралық іздеуде жүрген жігіт полцияға өзі келген деп хабарлайды 31 арна.
Кінәсін мойындап келген 25 жастағы Илья Старухин қазір полицияда тергеліп жатыр.
Оған қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінә тағылып отыр. Яғни ол адам өлімі орын алған жол көлік апатын жасады және оқиға орнынан қашып кетті деп айыпталуда.
Ал марқұм болған жас келіншектің туыстары күдікті жазадан жеңіл құтылып кете ме деп қорқады. Себебі бейресми ақпарат бойынша ол қалталы кәсіпкердің ұлы болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Петропавлда қыркүйек айының ортасында болған. Сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүруі тиіс жерде Lexus маркалы көлігімен жүйткіген күдікті екі бойжеткенді қағып, бірнеше метрге дейін сүйреп әкеткен. Апат салдарынан 25 жастағы бойжеткен бір апта бойы ес-түзсіз жатып, қайтыс болған. Оның артында кішкентай қызы қалды.
Ал 15-ші қарашада аталмыш оқиғадан кейін шекара асқан күдіктінің ұсталғаны хабарланды.
Дереккөз 31 арна
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар