16 қарашада Қазақстанда қандай мереке: тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар

0
130

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 320-шы күн. Жыл соңына дейін 47 күн қалды

16 қарашада не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

16 қарашада қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін жер шары тұрғындары халықаралық төзімділік күнін атап өтіп жатыр. 1995 жылы 16 қарашада БҰҰ-да білім, ғылым мен мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйым «Төзімділік қағидаттары декларациясын» қабылдады. Бұл мереке адамзатты соғыс пен түсініспеушіліктерді тоқтатып, өзін ғана емес, өзге де ұлт өкілдерін сыйлауға үндейді.

Сондай-ақ, әлем жұрты бүгін «Халықаралық түйме» күнін атап өтіп жатыр. Бұл мерекеде кәсіби тігіншілер мен олардың клиенттердің құттықтауға болады. Оны күнтізбеге 1938 жылы National Button Society ұйымы енгізді. Көп адам бұл элементтікң киім үшін қаншалықты маңызды екеніне мән бере бермейді. Бастапқыда түйме тек сәндік үшін қолданылатын болған.

Мұнымен қатар, бүгін дүниежүзі анорексиямен күрес күнін атап өтіп жатыр. Бұл күн адамдардың ешқандай диета ұстамайтынымен ерекше.

16 қарашада болған тарихи оқиғалар

1938 жылы КСРО самбоны спорттық жекпе-жек түрі ретінде таныстыра бастады;

1841 жылы АҚШ-та суға батудан сақтайтын дөңгелектер патенттелді;

1945 жылы БҰҰ-ның ЮНЕСКО көлемінде білім, ғылым мен мәдениет мәселелерін шешуге бағытталған арнайы мамандандырылған мекемесі құрылды;

1966 жылы астрономдар тарихтағы ең қатты аққан жұлдызды тіркеді.

16 қарашада Қазақстанда қандай оқиғалар болды

1973 жылы Теміртау қаласында Қарағанды музыкалық комедия театры құрылып, шымылдығы Дунаевскийдің «Еркін жел» опереттасымен ашылды;

1993 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Германиядағы Нюрнберг қаласы экономикалық даму және маркетинг гильдиясының үлкен алтын медалі берілді;

2001 жылы Қазақстан Республикасының президенті Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының президенті Кәрімов Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы туралы келісімге қол қойды;

2004 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызды қалалар, астана бюджеттері арасында жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды;

2005 жылы Түркістанда тоқымалық емес мақта талшықтарын және косметикалық мақта спонждарын шығаратын зауыт іске қосылды;

2007 жылы Сарқан қаласында Түрксібтің Шоқпар нұсқасындағы жобасының авторы мен орындаушысы Мұхамеджан Тынышбаевқа ескерткіш қойылды;

2009 жылы Беларусь елінде Қазақстан студенттерінің кеңесі құрылды;

2012 жылы Астанада «Сарыарқа» велотрегінің аренасында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі ашылды;

2014 жылы қазақстандық орындаушы Анатолий Цой танымал «Хочу к Меладзе» шоуының финалына өтті.

16 қарашада әлемде дүниеге келген танымалдар

1900 жылы орыс драматургі, ақын, сценарий жазушы Николай Эрдман дүниеге келді. Ол екінші дәрежелі Сталин жүлдесінің лауреаты;

1936 жылы гандбол жаттықтырушысы Игорь Турчин дүниеге келді. Спорттағы жетістіктері үшін Турчин мен оның командасы Гиннесс рекордтар кітабына енді;

1958 жылы кеңес және Ресей әншісі, Ресейдің халық әртісі Александр Малинин туды;

16 қарашада Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1937 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Владислав Косарев дүниеге келді;

1939 жылы ғалым, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Аманқұл Бекенов дүниеге келді;

1975 жылы ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев туды;

1983 жылы қазақстандық боксшы, 2005 және 2007 жылғы әлем және 2012 жылғы олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балық белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін ойыңызды ешкімге айтпауға және ортақ мәселелерге араласпауға тырысыңыз. Бұл күні ағыс бағытымен жүзіңіз. Болатын нәрсенің алдын алуға болмайды. Одан да өзіңіз үшін пайдаласын жасаңыз.