Абай Жазғытұры слайд,презентация — Әдебиет

0

Абай Жазғытұры слайд,презентация

 

 

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. Ахмет Байтұрсынов 
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне алланың көңіл сенер. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер. Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның пейілі енер. Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне, Бойың балқып, ериді іште жігер. Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар. Жыршы құстар әуеде өлең айтып, Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай, Таң атқан соң шығарын күннің біліп, Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай. Күн — күйеу, жер — қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті. Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап, Күйеу келді, ай, жүлдыз к… қысты. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар қуанар тойға елеріп. Азалы ақ көрпесін сілке тастап, Жер күлімдер, өзіне шырай беріп. Күн — күйеуін жер көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан соң Жер толықсып, түрленер тоты құстай. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін. Қызыл арай сары алтын шатырына, Күннің кешке кіргенін көрді көзім. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!