Роман Трофимов | өмірбаяны
Роман Трофимов (1912–1996) 8 қыркүйекте Калуга қаласында туған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Батыс Қазақстан геологиялық-барлау экспедиясында, Ақтөбе облыстық «Путь к коммунизму» газетінде әдеби қызметкер болып істеген. Алғашқы өлеңі облыстық «Коммуна» газетінде 1928 жылы басылған. Тұңғыш жеке жинағы 1957 жылы шыққан. Бірнеше кітаптың авторы.
КСРО-ның бірнеше медальдарымен марапатталған.
Шығармалары: Весна в пустыне. Стихи. А., Казгослитиздат, 1957; По новым дорогам. Стихи. А., Казгослитиздат, 1960; Почта осени. Стихи. А., Казгослитиздат, 1963; За околицей. Стихи. А., «Жазушы», 1969; Люди добрые. Стихи. А., «Жазушы», 1976; Свидетели живые. Стихи. А., «Жазушы», 1983.