Шығарма: Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі

0

Шығарма: Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі казакша Шығарма: Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі на казахском языке

Сабитов Олжас
9 сынып, «Әл-Фараби» мектеп-лицей
Петропавл қаласы
Жетекшісі: Шакенова З. М.

Ортақ Отан – Қазақстан!
Отан – адамның туып өскен жері, туған – туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені, алтын бесігі, алтын ұясы. Қазақ жерінде тұратын адамдардың алтын бесігі, Отаны – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан– ғайыр кең мемлекет.
Егеменді еліміз – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар тәуелсіз мемлекет. Егеменді ел болып, тілімізді, дінімізді, ділімізді иемдендік. Осы
тәуелсіздікке, егемендікке қол жеткізу үшін талай ер жүректі отандастарымыздың алаулаған жастық шақтары азапқа айналып, өмірлері қиылды. Олар ел тәуелсіздігі, ел бірлігі үшін жауға қарсы тұрды. Талай жастар туған жері Қазақстан үшін Ұлы Отан соғысында, ызғарлы Желтоқсан оқиғасында қазаға ұшырады.
«Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан – ұрпаққа қалдыру қажет», — деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстандық патриотизм – еліміздің тұрақты дамуы мен гүлденуінің негізгі . Әрбір адамның патриоттық сезімі – елдің дамуына өз үлесін қосары сөзсіз. Патриоттық тәрбие – елді, мемлекетті өркендетудің қайнар көзі болып табылады.
«Қазақстанның патриоттық қасиеттерінің қалыптасуына қамқорлық жасау – менің презенттік те, презиндеттік те парызым», — деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев патриоттық сезімге ерекше мән беріп.
Қазақстандық патриотизм рухын отандастарымыздың санасына сіңіру – қазіргі заманда күн тәртібіндегі алдыңғы орында тұрған мәселелердің бірі. Әрбір азамат өз елінің жетістігін біліп, оның алған асуына үнемі көз жеткізіп, оған қуанып, көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатып отыруы керек. Әрине, түйсігі терең, танымы зор адамдарда патриоттық сезім үнемі болады.
Патриоттық сезімді ояту, елін сүюге баулу – маңыздылығы аса зор іс. Қазақстан Републикасы азаматтарының негізгі міндеттерінің бірі –
елдің дамуына қолайлы жағдай жасау. Елдің дамуына бірден – бір қолайлы жағдай Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруі. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, әрі нығайту мақсатында құрылған ұйым болып табылады.
Тіл тағдыры – ел тағдыры. Туған елдің туған тілі – асыл қазына.
Тіл – ұлттың ұлт екендігін көрсететін ең негізгі белгі. Тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Ішсең мейірімің қанады, сөйлесең рухын көтеріледі, абыройың асады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». Қазақ тілін дамыту,оны шұбарламау, таза қолдану, оған ерекше қамқорлық жасау, игі бастама әрекеттерді қолдау – бүгінгі күннің зор міндеті.
Әр адамның өз ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейін ғана емес, азаматтық қаситтері жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Әрбір азамат өз тілін қадірлеп, сүйе білуі міндет.Туған тіліне жаны ашымаған адам — жәндік. Осы ұлағатты сөздерден өз ана тілін қадірлемеген адамнан болашақтың қамқоршысы болмайтынын анық аңғарамыз.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Шыңғыс Айтматов атамыз айтқандай: «Халықтың мәңгі ғұмыры – тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін ұлы!» Ана тілін меңгерген адам ұлттық санасын оятып, еліміздің өміріне, оның өркендеуіне зор өзгерістер алып келері сөзсіз.Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады.
ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс». Ендеше, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламаларынан көрініс табуы керек, жалпы көпшіліктің де одан хабардар болғаны жөн.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой салады. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады. Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі үдеріс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Менің пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал Қазақстандық патриотизм — Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақ тым сенгіш, тым аңқылдақ, ақкөңілірек, осынан көп қорлық көрмегей! – деп батасын берген ұлы данамыз Қазыбек бидің сенімін атқаратын елім де бар, ұлы Елбасымыз, жеріміз, жарқын болашағымыз да бар. Егеменді еліміздің ертеңі – біздерміз. Қазақстан көк байрағын аспанға көтеру, өркениетті елдермен тереземізді тең қылу үшін жастарымыз білімді болуы керек. Кешегі өткен от ауызды шешен билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштері арқасында сақтап қалған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу, өз Отанымыздың лайықты азаматы болу – бәріміздің борышымыз. Сонда ғана біз үлкен мемлекет болып, 2050 жылдан да бұрын жақсы белестерге жетеміз.
Жастар – ел ертеңі.Туған елдің болашағы.Мен бақытты қазақ елінің ұрпағымын. Елім үшін күш жігерімді салуға мен дайынмын!


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!