«Қайраттың» жастары қала біріншілігінде жеңіске жетті

0

«Қайрат» U-19 командасы шағын-футболдан Алматы лигасының екінші айналымында «FC Atlant» командасын жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Семен Палагутин бастаған команда сапынан Жұма Райымбек пен Ким Марк гол соғып, команданы жеңіске жетеледі.

Осылайша, «Қайрат» жастар командасы екі турдан кейін төрт ұпай жинады. Қазіргі уақытта біздің команда чемпионатта екінші орында тұр.



Дереккөз: prosports.kz/kz