Жаңа Зеландия мешітіндегі атыс: Тұтқындалған 4 адамның үшеуінің атысқа қатысы жоқ болып шықты — Қазақстан жаңалықтары
Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте болған атыстан кейін тұтқындалған 3 адамның лаңкестікке қатысы жоқ. Мемлекеттің полиция басшысы Майк Буш баспасөз конференциясында осындай мәлімдеме жасады.
Сурет: REUTERS/Jorge Silva©
Лаңкестіктен кейін полиция 4 адамды тұтқындаған еді. Олардың үшеуі – ер адам, біреуі – әйел. Тұтқындалғандардың арасында Аустралияның 28 жастағы азаматы Брентон Тарранту бар. Ол 5 сәуірге дейін тұтқындалды, деп хабарлайды «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Буштың сөзінше, тағы бір ер адам мен әйелдің көлігінен атыс қаруы табылып, олар тұтқындалған. Артынша әйел бостандыққа жіберілді. Ал ер адам «атыс қаруына байланысты» заңға қарсы әрекет жасады деп айыпталды.
Ал тұтқындалған үшінші азамат нәсілдік кемсітушілік арандатты деп айыпталған. Ол дүйсенбіде сот алдында жауап береді.
«Қазіргі уақытта бұл адамдардың шабуылға қатысы бар деп ойламаймыз», — дейді Буш.
Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс болды. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн оқиғаны теракт деп бағалады. Атыс салдарынан 50 аадм көз жұмып, тағы 48-і ауруханада жатыр. Олардың 11-інің жағдайы өте ауыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz