Ақша қаражатын пайдалануын талдау | Скачать Дипломдық жұмыс

0

Кіріспе

Ақша қаражаты – бұл ұйымның қаржылық ресурсы және ең өтімділігі жоғары
активтер. Ақша қаражаты айналым активтерінің құрамдас бөлігі. Ол
кәсіпорынға жеткізуші және мердігерлермен есеп айырысуды, бюджет
төлемдерін, кредит беретін мекемелермен, жұмысшыларға еңбекақы, сыйақы және
басқа да төлемдерді төлеуді жүзеге асырады. [1, 2б.]
Ақша қаражаты кәсіпорын қоржынына сатылған товарлары және көрсетілген
қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден, банктен қарыз
түрінде, мекемелер мен ұйымдардан уақытша көмек түрінде және басқа да түрде
түседі.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі қысқа мерзімді активтердің құрамына
кіретін ақша қаражатының есебі ұйымның маңызды бөлігі болып саналады,
өйткені олар ұйымның өндірістік қуатын анықтайды және оның өндірістік
үдерісін дамытуды қамтамасыз етеді. Ал ақша қаражатына аудит жүргізудің
өзектілігі қаржылық есеп берудің дұрыстығы және оның нормативтік құқықтық
актілерге сәйкестігін тексеру болып табылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылығы ДК Бектасов ұйымының ақша
қаражатының есебін жан-жақты қарастыру және талдау.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңыздылығы дипломдық жұмыста ұсынылған
жайларды ДК Бектасов ақша қаражатының есебін жақсарту кезінде пайдалануға
болатындығынан тұрады.
Диплом жұмысының мақсаты – ақша қаражаты есебінің ұйымдастырылу
теориясын және шаруашылық істеріне қаржылық талдау жасау болып табылады.
Ол үшін бухгалтерлік бөлімде қаржылық есептіліктің бүгінгі ХҚЕС талаптарына
сәйкестігін және бастапқы құжаттардың оның ішінде ақша қаражатының кірісі
және шығысы есебінің дұрыс жүргізілуі ұйымның жүргізіп отырған есеп
саясатымен үйлестігіне назар аудару жатады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу керек:
— Ақша қаражаты есебінің теориялық негізін қарастыру ;
-ДК Бектасов ақша қаражатының есебін талдау;
-ДК Бектасов ақша қаражаты есебін жетілдіру жолдарын ұсыну;
Ақша қаражатының қозғалысына талдау жасап отыру кәсіпорынның қаржылық
ресурстарын тиімді пайдалану және төлеу тәртібін күшейтуге септігі тиеді.
Нарықтық экономика жағдайында ақша қаражатын тиімді пайдалану кәсіпорынға
қосымша табыс әкеледі, сондықтан кәсіпорын уақытша бос ақша қаражат
көздерін ұтымды түрде салымға салып пайда табу керек (банк депозиті, бағалы
қағазға және басқаларға).
Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражатын сақтау және заңды
тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде
теңге немесе шетел валютасымен жүргізуге банк шоттарын ашады және ол
ағымдағы және корреспонденттік шоттарға бөлінеді. Қолма қол есеп айырысу
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің белгілеген нормативті
құжаттарының тәртібімен жүргізіледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі ДК Бектасов.Ал пәні бұл
кәсіпорынның ақша қаражатының есебі болып тыбылады.
Диплом жұмысының теориялық базасына және әдістемелік негіздеріне В.
Радостовец, В Назарова, Қ Кеулімжанов т.б. авторлардың еңбектері сондай-ақ
ғалымдардың Бухгалтерлік есеп туралы жазған оқу әдістемелік құралдары
пайдаланылды.
Зерттеу әдісі – бүгінгі күні жүргізіліп отырған шаруашылық
жағдайындағы ақша қаражаты есебінің ерекшеліктері жатады. Әрбір болашақ
экономист маман үшін аудиторлық ойдың қалыптасуына және аудитті жүргізу
үшін теориялық, әдістемелік негізін міндетгі түрде білу керек.
Ақша қаражатының базасы деп кәсіпорынның өзге де ұйымдар мен
мекемелерге жұмыс пен қызметті сатуға және де басқа да шаруашылық
операцияларын орындаумен байланысқан қарым қатынасы болып табылады.
Ақша қаражаты – кәсіпорынның қаржы ресурсының маңызды бөлігі болуымен
шаруашылық субъектісінің нарықтың бәсекеде оза шауып тірлік жасап даму үшін
қажетті құрал.
Қазақстан Республикасының Президенті өз Жарлығымен 26 желтоқсан 1995
жыл № 2732 Бухгалтерлік есеп туралы заңды күші бар Заң қабылдады, ол жаңа
бухгалтерлік есеп және аудиттің әдістемелік, ұйымдық, құқықтық және басқа
да негізгі маңызды мәселелерін шешті.
Диплом жұмысын жазудың тәжірибелік базасына ҚР Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы Заңы, ҚР Салық Кодексі, ҚР Аудит қызметі
туралы заңдары, ХҚЕС және басқа да ҚР нормативті актілері, құрылтай
құжаттары, 2009- 2011 жылдың қаржылық есептілігі, ұйымның Есеп саясаты
жатады.
Бұл аталған шараларды жүзеге асыру үшін математикалық, статистикалық,
салыстырмалы талдау әдісі және бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиет және қосымшалардан тұрады.

1 Ақша қаражаты есебінің теориялық негізі

1.1 Есеп айырысу шотындағы ақша қаражатының есебі

Өзіндік балансы бар және жеке меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды
тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасының 2000 ж 2 маусымдағы №266 Клиенттердің Қазақстан Республикасы
банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жазу тәртібі туралы нұсқаулық
Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін
банктерде ағымдағы, корреспондентелетін немесе жинақ шоттарын ашады.
Ағымдық және жинақ шоттары — жеке және заңды тұлғалардың банктік
шоттары [2,69б.].
Корреспонденттік шоттар — банктік операциялардың жекелеген түрлерін
атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударылымдық
операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық
банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шарты бойынша ашылады. Ағымдағы немесе
корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен
ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша
сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында
қарастырылған (ҚР АК 747бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шот ашу үшін мынандай құжаттар ұсынылады:
– Банк белгілеген үлгідегі өтініш;
– Мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын
(мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық
карточка) уәкілетті орган берген белгіленген формадағы
құжаттың көшірмесі;
– Жарғының нотариалды куәләндіріген көшірмесі;
– Қаражат бөлушілердің басшының, бас бухгалтердің)
қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды
куәләндірілген, екі дана мөр бедерлемесі
– Клиенттің салықтық есепке (СТTН) қойылған фактісін
растайтын салық қызметі органы берген құжаттың
түпнұсқасы.
Осыдан кейін банк алынған құжаттарды тексеріп шот ашқан. Банк салық
инспекциясына 10 күн ішінде шот ашылғаны туралы хабар береді. Осылай
жоғарыда көрсетілген құжаттарды шот ашуға ұсынғаннан кейін ұйым банк
басқармасының өкімі бойынша есеп айырысу шоты беріліп, ұйымның ақша
қаражаты қозғалысының есебіне лицевой шот ашылды. Бірінші қол қою құқығы
кәсіпорын басшысында, екіншісі бас бухгалтерде. Банктік шотқа субъектіге
хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны рәсімдейтін барлық
құжаттарға қойылады [3, 85б.].
Ағымдағы шотқа ақша қаражаты әр түрлі көздерден түседі:
— өнімді, жұмысты және қызметті сатудан;
— кассадан түскен ақша қаражаты;
— қысқа мерзімді банк қарызы;
— шаруашылық қызметтің басқа түрлерінен;
-бюджеттен түсім.
Ағымдағы шоттан жабдықтаушылардың алынған тауарлық-материалдық қорлар
үшін қойылған шоттары төленеді, бюджетпен есеп айырысулар, еңбекақыға,
зейнетақыға, жәрдемақыға және шаруашылық қажетіліктеріне қолма қол ақша
беру жүргізіледі. Ағымдағы шотқа соманы есептеп жазу немесе есептен шығару
жөніндегі операцияларды шоттың жазбаша өнімі негізінде ақшамен немесе
олардың (жабдықтаушылардың, мердігерлердің төлем құжаттарын төлеу)
келісімімен, шаруашылық істері жөніндегі алқаның, соттардың, салық және
қаржы органдарының шешімі бойынша даусыз тәртіппен өндірілетін төлемдердің
басқасы жүргізіледі. Ағымдағы шоттағы қаржы жеткіліксіз немесе мерзімінде
төленбеген барлық құжаттар қаржы түскен мүмкіндігіне қарай төленеді.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіленетін мөлшерде
сыйақы төлейді (ҚР АК 751 бап). Мұндайда мынандай бухгалтерлік жазба
жасалады: Дт 1030 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты Кт 6110 Сыйақыдан
түскен кіріс [4, 35б.].
Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта
қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен (ҚР АК 744бап) төлейді. Мұндайда
мынандай бухгалтерлік жазба жасалады: Дт 7211 Әкімшілік шығыс Кт
1030Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты.
Банктегі есеп шотқа қолма қол ақшаны өткізу қолма қол жарнаны
хабарландырумен рәсімделеді.
Қолма қол жарнаны хабарландыру – Бұл шот иесінің банкке банктегі
шотынан қолма қол ақша қаражатын есепке алуға бұйрығы. Егер ақша касса
арқылы өткізілсе шығыс касса ордері толтырылады. Осы сомаға қолма қол
жарнаның хабарландыруы толтырылады, оны нақты банкке тапсырылғанын
анықтайтын құжат банк бекіткен квитанция (хабарландырудың бір бөлігі)
болады. Хабарландырудың бірінші бөлігі банкте қалады, екіншісі кәсіпорынға
қайтарылып беріледі, ал үшінші ордер, кәсіпорынға көшірмемен қайтарылады.
Есеп шоттан ақша алуға еңбекақы, жәрдемақы, шаруашылық шығыстары) ақша
чегі негіз болады [5, 123б.].
Чек – бұл шот иесінің банкке көрсетілген соманы беру туралы бұйрығы.
Ақша чегі чек кітапшасын құрайды. Чек кітапшасын алуға өтініш толтырылады.
Ақша чегін берген қызмет үшін есеп шоттан белгілі соманы ұстайды,
сондай –ақ чек кітапшасының барлық парақтары нөмірленеді және ақ парақтың
Ұйым атауы деген жерге кәсіпорынның атауын қояды. Чек кітапшасын берерде
банк бірден ескертеді егер чек кітапшасы жоғалса банкті үш күннің ішінде
ескертіңдер деп. Банк осындай чекпен төленген ақшаға жауап бермейді. Чек
10 күнге дейін күші бар. Чекпен ақшаны алуға өкілетті тұлғаға беріледі.
Чекті толтырғанда мынандай ережелерді еске ұстау керек:
-Қаржы алатын адамның аты-жөні, сома бас әріппен жолдың басынан бастап
жазылады;
-Бос қалған жолдар сызықшамен сызылады;
-Чекте түзету болмайды, бүлінген чек чек кітапшасында қалады және
айқышталып сызылады.
Қолма қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы
1998 ж.29 маусымдағы №237-1 Төлемдер мен ақша аударымдары туралы Заңына,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000ж. 25 сәуірдегі №179
Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен
қолма қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелеріатты қаулысына
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан
Республикасы териториясындағы банктік шот ашпай, қолма қол ақшасыз төлем
мен ақша аударымдарын атқарудағы банктік шот ашпай, қолма қол ақшасыз төлем
мен ақша аударымдарын атқару ережелерін бекіту туралы қаулысына сәйкес
жүзеге асады [6, 48б.]. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма
ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады:
– Төлем тапсырмасы (қосымша А);
– Чек;
– Вексель;
– Төлемдік талап-тапсырма;
– Аккредитив;
– Инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден
органдарының инкассолық өкімі;
– ҰБ құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да
төлем құжаттары.
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе
келісіммен белгіленеді.
Төлем тапсырмасымен (ф. № 0401003) есеп айырысу дегеніміз – ақша
жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенифициар (ақшалай қаражатты
алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке
тапсырмалары. Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы-банкке белгіленген
формадағы бланкпен төлем тапсырмаларын ұсынады. [7, 33б.]
Ақша жіберуші төлем белгілеуі жолында атауды, негізінде ақша аудару
атқарылатын құжаттың нөмірі мен ай-күні, жылын, сондай-ақ Төлем
белгілеуінің коды жолында ҚР ҰБ басқармасының 2000ж. 16 мамырындағы №195
қаулысына сай- төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.
Төлем тапсырмасы 4 дана болып жазылады, 1-ші данаға басшы, бас
бухгалтер қол қояды, содан соң мөрмен мөрленеді.
Төлемдік талаптар-тапсырмалармен (ф.№ 0401001)– есеп айырысуда
бенефициар қаражатты алушы банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс,
көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар,
көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік
құжат береді.
Бенифициар бенефициардың банкісіне төлем талап-тапсырмаларын және
төлем талап-тапсырмалары тізілімін ұсынады, ол бенефициардың барлық
деректемелерін толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне
жөнелтеді.Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепті (келісімі) бойынша
немесеакцепсіз атқарылады.
Төлемдік талап тапсырмаларын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге
қарслығын оған қызмет көрсететін банк төлемдік талап-тапсырма алғаннан
бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған
төлемдік-тапсырмасын тиісті қолдар қойылдған, мөр бедерлемесімен барлық
данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады. Төлемдік талап
тапсырмалар 4 данамен толтырылады.
Инкассолық өнім ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері,
белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау
қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде қарастырған
жағдайда, осы өндірудің негіздігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ
салық пен кеден қызметі органдарының инкассолық өкімдері, оларға растаушы
құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі
көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін
қолданылады. Инкассолық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал
бенефициар банкіне-төрт данамен ұсынылады [8, 87б.].
Аккредетив дегеніміз- шарт бойынша контрагенттің пайдасына клиенттің
тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша
аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефицармен төлем жасайды немесе
аккредитивте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда немесе аккредитивтің
басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға
өкілеттік беру.
Есептеулердің аккредитивтік нысаны- бұл тауарлар мен қызметтер үшін
басқа қалалармен есеп айырысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу
құжаттарының төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы
сақталған қаржылар есебінен жабдықтаушының банк ісінде жүзеге асырылады.
Аккредитив сатып алушының немесе банк кредитінің меншікті қаражаты есебінен
қойылады.
Акредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу үшін және тек өтініште
көрсетілген тауарлар мен қызметтер ғана төленеді. Оның есебінен қолма-қол
ақша төлеуге рұқсат етілмейді. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн
шегінде, кей жағдайларда жабдықтау шарттары бойынша қажет болса,
жабдықтаушының банкінде аккрдитивтік әрекет мерзімі алушының банк
басшысының рұқстатымен 45 күнге дейін белгіленеді. Аккредитив мерзімі өткен
соң төлемге рұхсат етілмейді [9, 140б.].
Чек- чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйрығы бар, олардың
арасындағы шартқа негізделген, осындай бұйрықта көрсетілген чек ұстаушыға
ақша сомасын төлеу төлем құжаты.
Чек кітапшалары қолма-қол ақшасыз төлемдерді атқару көлік ұйымдарымен,
жабдықтаушыларымен, байланыс бөлімшелерімен есеп айырысулар, қолма-қол
ақшалай қаражатты алу үшін қолданады. Ұйымдар карт-шотты ТМҚ, іссапарлық
және есеп беретін адамдардың басқа шығындары бойынша есеп айырысулар үшін
арналған, яғни 1073 Карт шоттағы ақша қаражаты дебеттеліп, 1030 Ағымдағы
шоттағы ақша қаражатыкредиттеледі, сондай-ақ 1251 Есеп беретін
тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берещегі дебеттелеліп, 1073 Карт
шоттағы ақша қаражаты кредиттеледі [10, 92б.].
Банк заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе
күнделікті оған үзінді көшірме, яғни банк шотындағы ақшалай қаражаттың
қозғалысы жөнінде жазылған жазбалардың көшірмесін береді.Мұнда негізіне
сүйеніп ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат
нөмірлері көрсетіледі.
Банк ақшалай есеп құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын
дәлелдеу үшін үзінде көшірмеде көрсетілген сомалардың дұрыстығын тексереді
және қате табылса, бұл жайында бірден хабарлайды. Банк көшірмесі тіркелген
құжаттармен 1030 Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты шотын бухгалтерлік
жазбамен толтыруға негіз болады. Егер банк тұрғысынан қарасақ бұл шот
пассивті, сондықтан көшірмеде қалдық кредит бойынша көрсетіледі, ал
төлемдер дебет бойынша.
Алынған банк көшірмесін ДК Бектасов бухгалтериясы операцияны және
сомасының дұрыстығын тексереді.Егер қате табылса ДК Бектасов
бухгалтериясы банкке хабарлайды, банк қате есептен шығарған сома
анықталғанша 1280 Өзге де дебиторлық берешектер дебеттеліп, 1030
Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты кредиттеледі, ал есепке алу 1280Өзге де
дебиторлық берешектер дебеттеліп, 3397 Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық
берешектер кредиттеледі. ДК Бектасов есеп айырысу шоты бойынша операция
жүргізу бас бухгалтерге жүктелген.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялар ДК Бектасов жинақтамалы шот
1030 Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаты шотында жүргізіледі. Бұл
активті шот болған соң дебет жағында есепке алынған сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің, алынған қарыздардың бос ақша қаражатының қалдығы
жазылады.
Кредит бойынша кәсіпорынның берешектерін жапқан ақша қаражаты
көрсетіледі (жеткізушілер және мердігерлермен, бюджеттік төлемдер, еңбекақы
т.б.). 1030 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты шоттың кредиті бойынша
айналымын көрсету үшін № 2 журнал-ордер, № 2 тізімдеме пайдаланылады
(қосымша Б). Бұл тіркемелерді толтыру үшін есеп шоттың банк көшірмесі
қолданылады [11, 81б.].

Қолма қол Төлем тапсырмасы Төлем
Чектер жарнаға талап-тапсырмасы
хабарландыру

Есеп айырысу шотының көшірмесі

№ 2 тізімдемесі №2 Журнал-ордер Кт 1040
Дт 1040 бойынша бойынша

Бас кітап
Қаржылық есептілік

Сурет 1. № 2 журналды-ордерлі формада есеп айырысу шоты бойынша
операция есебін ұйымдастыру жолдары көрсетілген.

Мысалы, қаңтар айындағы Есеп айырысу шоты бойынша бухгалтерлік
есептің операциялары бейнеленген (қосымша В).
Сонымен, өзіндік балансы бар және жеке меншікті айналымдық қаражатқа
ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект бос ақшалай қаражатты сақтау
мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспондентелетін шоттарын аша
алады.

1.2 Кассадағы ақша қаражатының есебі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында
басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайды. Сол уақыттардағы
операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал
ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді
[12, 118б.].
Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп
айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі
белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен
ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін
жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
– ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және
уақтылы дер кезінде есептеу;
– кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін
және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау; есеп айырысу,
төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске
алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне
байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі —
кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі қүннің талабына сай, алдағы уақыттарда
дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар
мен оның баламаларын (эквивалентен) дұрыс ашып көрсету және жіктеу
кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған
нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын
жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның
таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен
төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаты төлемдерінің
деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражатының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан
гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша
қаражатының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражатының
белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы
тәуекеліне ұшырауы тиіс [13, 173б.].
Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражатының баламасы ретінде, оның
қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу
мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған
инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражатының баламалары болып
табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып
алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні
көрсетілген жағдайда ақша қаражатының баламаларынан алынып тасталады.
Банк заемдары әдетте қаржы қызметі ретінде қарастырылады. Алайда,
кейбір елдерде талап ету бойынша өтелетін банктік овердрафттар компанияның
ақша қаражатын басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұндай
жағдайларда банктік овердрафттар ақша қаражаты мен баламаларының құрамдас
бөліктері ретінде енгізіледі. Банктегі шот бойынша сальдоның оң сипатынан
теріс сипатына жиі ретте өзгеріп тұруы банктермен осындай келісімдердің
өзіне тән белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы Бухгалтерлік
есеп және аудит әдістемесі Департаментінің № 4 Ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында:
Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражатының
қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және
инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының келіп
түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз
етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы
өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді делінген.
Ал осы стандарт екінші бабында: Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер
немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражатының қозғаласы туралы
есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі
қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады
делінген [14, 163б.].
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе
бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі
операциялар пайда болады.
Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта
өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын
болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар
және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және
берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы
арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке
сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып
табылады:
— Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде
есептеу;
— Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс,
тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу және ақша
қаражатының қозғалысы туралы есепті ХҚЕС талаптарына сәйкес жасайды. Олар:
— Операциялық қызмет;
— Инвестициялық қызмет;
— Қаржы қызметі.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және
инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары
мыналар болып табылады:
– тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын
ақшалай түcімдер;
– жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар,
комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;
– тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге
берілетін ақшалай төлемдер;
– қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға
ақшалай төлемдер;
– сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен
талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру
сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
– егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен
байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе
пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын
салық үшін өтемақы; және
– коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-
шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды
пайдалана отырып ашылады: тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен
төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі; жанама әдіс, ол бойынша
таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс
операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің
нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі [15,
129б.].
Компаниялардың ақша қаражатының қозғалысының ағындарын көрсету үшін
тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде
болмайтын ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалау үшін қажетті ақпаратты
қамтамасыз етеді. Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің
және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан
алынуы мүмкін, не:
— компанияның есепке алу жазбаларынан;
— сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес кірістер
және пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар және қаржы мекемелері үшін осы
тәріздес шығыстар түріндегі кірістер) мыналарды:
— кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және
кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
— басқа ақшалай емес баптарды; және
— инвестициялық немесе қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп
соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі
басқа да баптарды түзету арқылы.
Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша
қаражатының таза ағыны мыналарды:
— кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және
кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
— тозу, бағалау міндеттемелері, мерзімі кейінге қалдырылған салықтар,
шетелдік валютамен жүргізілген операциялар бойынша іске асырылмаған пайда
мен залал, қауымдасқан компаниялардың бөлінбеген пайдасы мен азшылықтың
үлесі сияқты ақшалай емес баптарды ескере отырып; және
— нәтижесі инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражатының
қозғалысы болып табылатын барлық басқа да баптарды ескере отырып, таза
пайданы немесе залалды түзету арқылы анықталады.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу,
заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын
ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады: ақшалардың түсімі;
ақшалардың шығыстары.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаты мысалдары мыналар болып
табылады:
– негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ
мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер.
Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті
өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер
жатады;
– негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ
мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
– басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және
бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған
ақшалай төлемдер (ақша қаражатының баламалары ретінде
қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе
сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
– басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және
бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай
түсімдер (ақша қаражатының баламалары ретінде қарастырылатын
осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына
арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
– басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен
кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен
кредиттерден басқалары);
– басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттер
қайтарылымынан алынған ақшалай түсімдер (қаржы
институттарының аванстық төлемдері мен кредиттерінен
басқалары);
– келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе төлемдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін
жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар
мен своптар бойынша ақшалай төлемдер; және
– келісім-шарттар коммерциялық немесе сауда мақсаты үшін
жасалған немесе түсімдер қаржы қызметі ретінде жіктелетін
жағдайларды қоспағанда, мерзімді келісім-шарттар, опциондар
мен своптар бойынша ақшалай түсімдер.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы мен заем қаражатының
мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет. Қаржы
қызметінен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары мыналар болып
табылады:
– акциялар эмиссиясынан немесе басқа да үлестік құралдардан
түскен ақша түсімдері;
– компанияның акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін акция
иеленушілеріне ақшалай төлемдер;
– қамтамасыз етілмеген облигациялардан, заемдардан,
вексельдерден, қамтамасыз етілген облигациялардан, кепілдік
және басқа да қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттерден
ақшалай түсімдер;
– кредиттік сомаларды ақшалай өтеу; және
– қаржылық жалдау бойынша берешекті азайту үшін жалға алушының
ақшалай төлемдері.
Шетел валютасындағы ақша қаражатының қозғалысы:
— Ақша қаражатының шетелдік валютамен операциялар нәтижесінде пайда
болатын қозғалысы ұйымның қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы
қозғалысы пайда болған күндегі қолданыстағы және шетелдік валюталар
арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану
жолымен көрсетілуге тиіс.
— Шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражатының қозғалысы ұйымның
қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы қозғалысы пайда болған
күндегі қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамы
бойынша қайта есептелуге тиіс.
— Шетел валютасындағы ақша қаражатының ағындары есептерде 21-
Валюталық бағам өзгерісінің әсері IAS Халықаралық қаржы есептілігінің
стандартына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға
бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді.
— Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған
іске асырылмаған пайда мен залал ақша қаражатының қозғалысы болып
табылмайды. Алайда қолда бар және алынуы күтілетін шетел
валютасындағы ақша қаражаты мен олардың баламаларына валюталардың
айырбас бағамдары өзгерістерінің ықпалы кезеңнің басында және
аяғында ақша қаражаты мен олардың баламаларын келісу үшін ақша
қаражаты қозғалысы туралы есепте беріледі [16, 131б.]..
— Бұл сома операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін
ақша қаражаты қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар
болса, есептілікте кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары
бойынша ақша қаражатының түсімдері мен төлемдері туралы деректер
берілген жағдайда туындайтын айырмалар жатады.
Ақша қаражатының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс
ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық
міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражатының айналымдылығының жылдамдауына,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді [17, 143б.].
Ақша баламалары (эквиваленті) — бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның акшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды (ақша баламаларын) кассадағы ақшалар шотында
есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде
қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді
инвестициялар шотында есептейді [18, 123б.].
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған
вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс
ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай
дебиторлық қарыздары акшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік
есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы
ақшаларынан құралады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының
қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы
ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Қазақстан Республикасының № 1034, 6 тамыз 2001ж. Қаулысына сәйкес
фискальды жады бар бақылау –касса машинасын (ФЖБКМ) қолдану ережесі
бекітілді, онда сауда қызметін және қызметтерді көрсету қолма қол ақшамен,
банк төлем карточкасымен, чекпен байланысты жүргізетін барлық шаруашылық
субъектілері бұқара халықпен ақша есеп айырысуды фискальды жады бар бақылау
–касса машинасын қолдану міндетті, оның өзінде Мемлекеттік тіркеу ФЖБКМ
моделіне сәйкес ҚР территориясында пайдаланылатыны ғана қолданылады.
Ұйым ФЖБКМ көмегі арқылы есеп айырысуды жүзеге асырып сатып алушыларға
сатып талынған товарларына бақылау касса машинасында басылған чекті
ұсынады. Ол товардың осы сатып алуышыдан алынғанын дәлелдейді.
Касса чегінде – келесідей ақпараттар болады: Салық төлеушінің атауы,
салық төлеушінің тіркеу номері (СТТН), завод номері БКМ, оның тіркеу
номері, чектің рет номері, сатып алудың (көрсетілген қызмет) күні және
уақыты, товардың бағасы, сатып алған товардың салық қосылған сомасы,
фискалды белгі.
Ұйым ФЖБКМ сатып алып, өзі қызмет атқаратын жергілікті салық органында
тіркетті. Есепке қою үшін ұйым келесідей құжаттарды ұсынды: Өтініш, заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы куәліктің көшірмесі, бақылау-касса
машинасына техникалық қызмет көрсететін келісім шарт, паспорт БКМ, бақылау-
касса машинасынан өткен қолма қол ақша есебінің кітабі, ол нөмірленіп,
қайымдалып және салық органының мөрімен бекітілген болуы керек.
Салық органдары өтініштің дұрыс толтыруын және бақылау-касса
машинасының белгіленген талапқа сәйкестігін тексереді, бақылау –касса
машинасы туралы мәліметті бақылау-касса машинасы есебі кітабіне енгізіп
шаруашылық субъектісіне ФЖБКМ тіркеу карточкасын береді, ол шаруашылық
субъектісінде машинаны пайдалану мерзімі біткенше сақтайды және БКМ есептен
шыққанда салық органына қайтарылып беріледі [19, 121б.].
ФЖБКМ Фискалды есебі салық органдарының рұхсатымен мынандай жағдайда
тексеріледі:
– Салық органдары тексеріс жүргізгенде;
– фискальды сақтау блогын ауыстырғанда;
– ФЖБКМ иесі ауысқанда;
– Бақылау-касса машинасы эксплуатацияға кіргенде және
эксплуатациядан шыққанда.
Ақша операциялы кассаға түскенде 1010 Касадағы ақша қаражаты
дебеттеледі;
Кт 6010 Өнім және көрсетілген қызметті сатудан түскен табыс –
кассаға алынған түсім сомасына;
Кт 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі — сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға
түскен сомаға. Мысалы, кассадағы ақша операциясы (қосымша З).
Жолдағы ақша қаражатының есебі. Аударылған, бірақ әлі кәсіпорындар мен
ұйымдардың шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақшалар жолдағы
ақшалар болып саналып, ал олардың есебі 1020 Жолдағы ақшалар деп аталатын
шотта жүргізіледі. Бәрі шот ай соңында кәсіпорындар мен ұйымдарға басқа
кәсіпорын, ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген,
яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалар жайлы ақпараттарды қорытындылауға
арналған. Бұл шотта кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің қарамағындағы
филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың ұйымға банк
мекемелері, сақтық кассалары, почта бөлімшелері арқылы аударған, бірақ
кәсіпорынның тиісті шотына әлі түспеген, аударылғандағы тиісті құжаттармен
дәлелденген ақшаларды есептейді.
Жолдағы ақшалар шотында сомаларды есептеу үшін мынадай құжаттар
болуға тиіс:
– саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді
банк мекемесінің қабылдағандығын дәлелдейтін құжат;
– почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы;
– басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы
берген авизасы (бұл аптада ақшаны аударған күні, сомасы,
оны қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).
Мысалы: 2011 жылы 28 желтоқсаңда ұйым қараша айында сатқан тауарлары
үшін осы тауарларды сатып алған Нұр фирмасынан 300000 теңге аударғаны
туралы авиза (құжат) алды делік. Бірақ бұл ақша ұйым есеп айырысу шотына
2010 жылы 5 қаңтарда ғана келіп түсті, яғни кіріске алынды. Осы операциялар
бойынша ұйым бухгалтерлік есебінде мынадай жазу жазылады:
28 желтоқсан 2011 жылы:
Д-т: 1020 Жолдағы ақшалар шоты 3 00000 тг.
К-т: 1210 Түсуге тиісті борыштар шоты 3 00000 тг.
5 қаңтар 2012 жылы:
Д-т: 1030 Есеп айырысу шоты 300000 тг.
К-т: 1020 Жолдағы ақшалар шоты 300000 тг.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясы аударылған жолдағы
ақшалардың банктердегі есеп айырысу немесе басқа да тиісті шоттарға уақтылы
түсіп, есепке алуына бақылау жасап отыруы керек. Осы айтылғандармен қатар
кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында аударылған жолдағы шетел валютасы да
осы Жолдағы аударылған ақшалар шотында бөлек есептеліп көрсетеді [20,
145б.].
Соңғы кездерде ақшалармен есеп айырысу операцияларын жылдамдату,
қателіктерді болдырмау мақсатында жаңа жетістіктер пайда бола бастады. Бұл
айтылғанға соңғы кезде жиі қолданылып жүрген электрондық төлем жүйесін
жатқызуға болады. Электрондық төлем жүйесі — бұл телефон, телеграф немесе
компьютер арқылы банк мекемелерінің арасында ақша қаражатын аудару әдіс
болып табылады. Электрондық жүйенің артықшылығы — қағаздармен жұмыс
жүргізуді азайтады және қателіктермен операциялық шығындарды барынша
қысқартады [21, 131б.].
1 кесте жолдағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
көрсетілген.

Кесте 1
Жолдағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

№ Операциялар мазмұны Дебит Кредит
1 Кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шотына 1030 1250
әзірге келіп түспеген есеп беруге тиісті адамның
(банк, пошта тағы да басқа мекемелер арқылы)
төлеген ақшалары
2 Сатып алушылар төлеген бірақ есеп беретін уақытқа 1040 1210
дейін кәсіпорынға келіп түспеген сома
3 Есеп беретін уакытқа» дейін кәсіпорынға келіп 1030 3320,
түспеген, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің 3330,33
аударған ақшалары 40
Кәсіпорынның есеп айырысу шотына жолдағы деп 1040 1030
4 есептелген ақшалары кіріс етілді
Ескерту- бастапқы құжаттар

Сонымен, аударылған, бірақ әлі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотына
келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақшалар жолдағы ақшалар болып
саналады.

1.3 Шетел валютасының есебі

ҰҚЕС шетел валютасында жасалатын операцияларды және шетел өндіруші
компанияларының қаржылық есебін қайта есепке алуға қолданылады.
ҰҚЕС валюталық тәуекелділікті басқаруға қатысты компания саясатын
ашуды қолдайды [22, 168б.].
Шетелдік валютамен жасалатын операция есебі ҚР территориясында
операция жасалған кездегі нарық белгіленген бағамды қолданып, қазақстандық
теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын
қатынастарды реттейтін ҚР 24.12.2001ж. №278-11 Салықтар және бюджетке
міндетті басқа төлемдер туралы СК қабылдауға байланысты, ҚР АК 282
бабымен, ҚР 2002ж. 24 маусымдағы №329-П Бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есеп беру туралы Заңымен, ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002ж. 6
маусымдағы № ДМ -1-2-185689 БВБ-да қолданылатын теңге бағамына қатысты
хатымен реттеледі.
Осы құжаттарға сай ішкі қарыз сомасын немесе төлемді шетел валютасының
сәйкес баламасымен көрсетуге тыйым салынған, өйткені ұлттық валюта бағамы
тұрақтанды, ал инфляция болжанатын болды және онша көп емес жылына 12-18
пайыз, сондай-ақ ұлттық валютаны нығайту мақсаты бар. Сонымен қатар ҚР АК
127б. 1-тармағына сәйкес Республикадағы ақшалай бірлік болып тек қана теңге
саналады, ал барлық міндеттемелер, есептеулер, төлемдер қандай да болсын,
шетелдік валютаға әбден берілмей, ҚР –ның ұлттық валютасымен көрсетіледі
және жүргізіледі. Тек қана ұзақ мерзімдік міндеттемеде ғана тараптармен
келісілген ҚР АК 282б. 3т шарттарда төлемді индекстеу қарастырылуы
мүмкін.
Сонымен қатар ҚР-ның Валюталық реттеу туралы Заңының 7б. 5-тарауында
жалғыз-ақ, егер резидент пен бейрезидент мәміленің тораптары болса,
операциялар бойынша шетелдік валютамен төлем жүргізуге болады. Және осы
заңнын 6б. шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйым-
дастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды
қарастыратын болсақ,олар:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті ұйымдарға
шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыруға лицензия береді.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шетел валютасымен
айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру
тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ айырбастау
пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу
кезiнде белгiленген үлгідегi құжат — айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiгi
берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтай құжаттарын келiсу
тәртiбi,құрылтайшылар-
дың құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерiне
және қалыптасу тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа
заңды тұлғаларға қатысу жөнiндегi шектеулер қосымша белгіленеді.
3. Резиденттер лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіне, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
белгіленген құжаттардан басқа, осы Заңның 10-бабының бірінші бөлігіндегі
1), 3)-9) тармақшаларында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және
тәртіппен тапсырады.
4. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту
резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс
күні iшiнде берiледi.
      Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша
нысанда дәлелдi жауап берiледi.
5. Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңға сәйкес көзделген құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
2) өтiнiш берушiнiң осы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай бол-
мауы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де
негіздер.
6. Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың
нысандары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк
құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына
себепші. Бағамдық айырмалар – валюталық активтер мен пассивтерді
бухгалтерлік есепті оларды тіркеу кезіндегі бағам бойынша және есеп
айырысулар жүзінде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындағы сомалық
айырмалар [23, 134б.].
ҚР валютасына қатысты шетел валютасының бағамы – ол басқа ұлттық
немесе халықаралық валюта бағасын теңгемен көрсету. Ол биржадағы,
халықаралық нарықта сұраныс пен ұсыныстар негізінде, коммерциялық банктер
мен басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың, яғни валюталық ішкі нарықта
валютаны сату-сатып алуда қалыптасады.
Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау
мен есеп айырысу кезі арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық
берешекті толық немесе жарым-жартылай өтеу кезінде болған өзгерістердің
нәтижесінде пайда болады. Бағамның жағымды дамыған кезінде жағымды, ал
жағымсыз болғанында теріс бағамдық айырмалар пайда болады. Бағамдық
айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
импорттық операцияларда ұлттық валютадағы тауардың мәмілелік құны
баламасының шот-фактурада инвойсте көрсетілген уақыты, ақшалай қаражатты,
оны бағалауға дейінгі немесе жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу
бойынша пайда болған дебиторлық немесе кредиторлық берешекті кеміту жолымен
аудару ай-күні, жылы арасында. Мысалы:
Кәсіпорын есеп құжаттарын жазған күніндегі 1 долларға 153,5 теңгелік
нарық бағамы бойынша 2000 доллар материал сатып алды.
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлік жазбалар жасау
қажет: Дт 1310 Кт 3310 -307000 теңге 2000Х153,5.
1 нұсқа: Төлем 1 доллар 154,2 теңге болған доллар бағамы кезінде 20
күннен соң жасалды. Дт 3310 Кт 1050- 308400 тг 2000долл. Х 154,2.
Теріс бағамдық айырма пайда болды: Дт 7430 кт 3310 -1400 тг308400-
307000.
2 нұсқа: Егер төлем күнінде доллар бағамы 153 тг болса. Дт 3310 Кт
1050 -306000 тг 2000долл. Х 153. Бағамдық айырма оң: Дт 3310 Кт 6250
-1000тг 307000-306000.
— экспорт операциялары бойынша өткізілген уақытымен ұлттық
валютадағы келісім-шарттық құн баламасы мен ақшалай құжаттар жазу
уақытымен. Тауар құны 765500 т.. Өнімнің өзіндік құны 405000тг. Тиелген
өнімнің нақты өзіндік құнына. Дт 7010 Кт 1320 -405000тг. Тиелген өнімнің
келісім-шарттық … жалғасы