Домой Жаңалықтар Байбөрі баласы Бамсы Байрақ жырдың сюжеттік желісі. Дананың сөзі – ақылдың көзі...

Байбөрі баласы Бамсы Байрақ жырдың сюжеттік желісі. Дананың сөзі – ақылдың көзі Қорқыт — Қазақ тілі және әдебиеті — Bilim

0
1147

   1. Ой қозғау. Оқушылардың қызығушылығын ояту.


Қорқыт ата кім болған? Қай ғасырда өмір сүрген? Шыққан тегі. Интерактивті тақтадан Қорқыт атаның суретін көрсету (1-слайд).


   1. Қорқыт ата VIIІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан, анасы – қыпшақ қызы.


   2. Қорқыттың өмірге келуі туралы аңыз. Қорқыт туыларда анасы тоғыз күнбойы қатты қиналады, алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, айналаны қара түнек басып, күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін үшырады. Халық жаңа туылған балаға «Қорқыт» деп ат қояды.


   3. «Қорқыт» сөзінің этимологиясы. 1) «Қорқ» сөзі – «ақыл айтушы» деген мағынада қолданылады. 2) «Қорқыт» сөзі «құт әкелуші адам» деген мағынада қолданылады.


   4. Қорқыт атанға 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 шақырым жерде ескерткіш –кешен тұрғызылды.


   2. «Болжам кестесі» әдісі


   1-қадам. Мұғалім жырды бөліп оқиды.


   2-қадам. Үзінді оқылып болған соң, мұғалім оқушылардан әрі қарай не болатынын сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады.


   3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнын сүйене отырып, кестенің екінші бағанын толтырады.


   4-қадам. Жырдың жанрын анықтау. Жұмыс осы сызба арқылы жалғасады.


   Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау.


     Кері байланыс


    Жағымды пікір: (Не ұнады?)


    Сындарлы сын: (Не нәрсені жақсарту керек?)


    Келешекке арналған пікір: (Маған не ұнады, бірақ….)


     Үй тапсырмасын беру