Әбдіжаппар Әлқожа: Қазақ құдасын «Самая вышкамен» емес, «Тәтті арумен» күтіп алады — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Соңғы кездері отандық әншілер шетелдік композиторлардың туындыларына жиендік жасауды әдетке айналдырып барады. Тіпті, қалыпты жағдай санайды. Мәселен, Әбдіжаппар Әлқожа қоржынында екі бірдей плагиат ән бар екенін мойындап отыр.
Бұл туралы Stan.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Екі ән ұрлаған шығармын. Байқасаңыздар, екеуінде де мойындадым. Түріктен ұрладым «Сен үшін» деп қызға арнадым. Екіншісін әзірбайжаннан ұрлап, өз тілдерінде айтып бердім. Жарайды, көшірме жасадым, плагиат, оны мойындаймын. Бірақ өзім жақсы көрген нәрсемен айналысуыма болатын шығар», — дейді Әбдіжаппар.
Әлқожаның айтуынша, әзірбайжанның, түріктің, өзбектің музыканттары мен сазгерлері біздікінен мықты. Әрі жаныма шығыс стиліндегі әндер жақын, дейді әншінің өзі.
«Оны мойындау керек. Өзіміз де ән жазып жүрміз, біздікі жаман демеймін. Қазір бәрі бидің әнін керек етеді дейсіздер, қазақтың да талғамы сол болып тұр ғой қазір. Жастар арасында «Самая вышка» деген ән шықты, бірақ қазақ құдасын күткен кезде, төрге «Самая вышка» әнімен шақырмайды, «Тәтті арумен» шақырады. Өйткені ол қазақи ән. Менің әндерімнен қазақы болмыс айнып кеткен жоқ. «Тәтті ару» қазақы нақышты айтылған ән. Мен ән өнерін бұзған жоқпын», — дейді Әбдіжаппар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz