Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

0

Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды.

10 наурыздан 11-не қараған түні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Бейнетаспаға түсірген куәгерлердің айтуынша айқай шу және жылаған дауыстарды естіген.

«Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің «102» телефонына қоңырау түскен. Осы қоңырау бойынша полицияның жедел-тергеу тобы сол жерге жедел жетті. Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды. Түркістан облысының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлап отыр Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz