Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынып, 200 мың доллар ақшасынан шашқанын мойындады

0

Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынып, 200 мың доллар ақшасынан шашқанын мойындады

Әнші Бағлан Әбдірайымов Аман Тасыған жүргізетін «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат берді. Әнші осыдан бірер жыл бұрын құмар ойынға салынып, 200 мың доллар ақшасынан айырылғанын айтты.


 
«Осыдан үш жылдай уақыт бұрын барлық ісім кері кетті. Құмар ойынның кесірі болды. Қалтамда 80 мың доллардай артық ақша болған. Сол ақшамен казиноға бардым. Басында көп ұтып жүрдім. Қолым жеңіл жүрді. Қаншама ұтылып қалған жігіттердің ақшасын қайтарып беріп жүрдім. Кейін ұтыла бастадым. Ұтқызған ақшамды қайтарып аламын деп ұтылған үстіне ұтылдым. Таныстарымнан пайызбен қарызға ақша алдым. Бас-аяғы сол казиноға 200 мың доллар ақшам кетті. Осы жаңа жылды қарызсыз қарсы аламын, барлық қарыздарымнан құтыламын дегенмін. Болмай қалды. Қазір қарызымның көбі бітіп, азы қалды. Жын-шайтанның отбасына тигізген кесірі шығар деп ойлаймын. Өйткені ойым мен бойымда түсініксіз жағдайлар болды. Бұл жағдай менде ғана емес отбасымда да, келіншегімде де болған сияқты. Біршама уақыттан кейін есімді жинап, өз-өзіме келе бастадым»-деген әнші қазір құмар ойынға аттап баспайды екен.

«Кезінде қол астында қаншама жұмыскерлері болған бизнесмендер де, өздеріңіз сияқты журналистер де, небір керемет кісілерді сол казинодан көрдім. Дүркіреп тұрған адамдар қор болып кеткен. Казино есігін аттап басатын, бетін көретін жер емес. Бұл менің 200 мың долларға сатып алған сабағым болды. Енді соған басқалар ұрынбаса екен деймін. Менің қателігімді қайталамаса екен»-дейді әнші.
 
 
Дереккөз: Reactor

http://inform.kz