UFC файтері 38 секундта нокаутқа түсті, алайда соңында күтпеген оқиға болды – видео
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Бразилиялық спортшы жеңісін тойлап жатып ауыр жарақат алып қалды
АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Лас-Вегаста өткен UFC 235 турнирінде тосын оқиға болды. Видеоны UFC Europe тwitter-дегі аккаунтында жариялады.
Бразилиялық Джонни Уокер сегізбұрышта канадалық Миша Циркуновпен кездесіп, оны тіземен теуіп, бар-жоғы 38 секундтың ішінде нокаутқа жіберді. Осыдан кейін Уокер жерге өзін-өзі тастай салып, жеңіске жеткенін ерекше атап өтті.
RT хабарлағандай, ол құлаған сәтте иығын қатты жарақаттап алған.
Джонни Уокер әлі бірде-бір рет жеңілмеген спортшы. UFC файтері қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетті.
Назарларыңызға жекпе-жектің толық видеосын ұсынамыз.
sputniknews.kz