Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын)

0

Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын) казакша Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Жауын) на казахском языке

Көк шатырлап, жел қарпып,
Жайлар түсті жайнақтап.
Қап-қара сұр мұнартып,
Бұлт аспанда ойнақгап.
Қырыққан ешкі бүржектеп,
Күзеген түйе тайрақтап,
Боранды бұршақ шүмектеп,
Жер су болды тайғақтап.
Құздардан құйды күңіреніп,
Сай-саладан ылайтып,
Сұрғылтым бұлты түнеріп,
Моланы езді шұнайтып.
Жадыраған жазғы күн,
Қоштасты бізге «мұң» айтып.
Арық, әлсіз наз-мұңын,
Жылады, шырқап шын айтып.
Қараңғы перде қанаты
Аспанды шалып, жерді алды.
Меңіреу ұйқы қуаты
Ұйтты жеңіп, елді алды.
Қышқыл уайым, ащы сөз,
Бойдағы сіңген терді алды.
Болжаған түс болып кез,
Ел ұйқысын енді алды.