Құрманбай Толыбаев | өмірбаяны

0

Құрманбай Игілікұлы Толыбаев (143.1926. Алматы облысы Шетек ауылы 21.8.2004) жазушы. 1945 ж. мектепте мұғалім, 1950 — 51 ж. «Халық хабаршысы», 1952 — 55 ж. «Жаңа жол» газетінде редактор қызметтерін атқарған. 1963 — 68 ж. «Ұлан» газетінде, 1968 — 89 ж. «Балдырған» журналында және 1989 — 96 ж. «Шалқар» газетінде редактордың орынбасары қызметін атқарған. Толыбаевтың «Ай күледі» (1969), «Дән» (1974), «Шынар» (1976), «Балбөбек» (1979) жыр кітаптары, өлеңдер мен дастандары сондай-ақ, «Қайдасың, досым» (1970), «Шырын» (1972), «Өжеттер» (1977), «Күн бөбегі» (1981), «Шапақ» (1984), «Алматым менің» (1985), «Тамшылар» (1987), «Айдың жүзі дөңгелек» (1989), «Кел ойнайық» (1990) әңгіме, повестері, Жазушының «Нар идірген», «Бабадан калған бар байлық» этнографиялық-танымдық әңгімелер кітабы (2000) бар.