Терезеден сығалағанша бір қызметкер жауап бермей ме: Журналист көпбалалы аналар мәселесіне жауап бермеген әкімдікке сын айтты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Журналист Ирина Советжанқызы көпбалалы аналардың мәселесі бойынша қабылдамай, сауалына үн қатпаған әкімдікі сынға алды. Әкімдікке аналардың көкейіндегі сауалдарды қойды.
«Бүгін көпбалалы аналармен кездескен Алматының Наурызбай ауданының әкімдігі екі бірдей ақпарат құралын жиынға кіргізбеді. Неге екенін сұраған сауалыма сұрақты жазбаша беруіңізді сұраймын депті.
Жазбаша сауалдарым мынадай:
1. Сіздер жұмыс істейтін әкімдікте көпбалалы, жалғызбасты анаға күйеу тауып беретін құзыр қашаннан бері пайда болған?(нақты әйелдердің сұхбаты бар)
2. Шағымын арқалап келген аналарды Опера театрына шақырудағы мақсаттарыңыз не? (олардың театрға баратын көңіл-күйлерінің жоқтығын дәлелдейтін суреттерді жылжытып көріңіз)
3. Аналар 21 мың теңгені кімнің, қалай алуға болатынынан хабарсыз. Түсіндіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
4. Біздің, сіздердің әкімдікте болған екі сағатымызда ең болмаса, бір әкімдік қызметкерінің терезеден сығаламай, төмен түсіп түсіндіруіне не кедергі?
5.«Квартирант аналар» 21 мың теңге жәрдемақысын қалай рәсімдей алады? (Көп балалы аналар 4-5-6-8 баласын ешкім пропискаға отырғызбайды дейді)
6. Алматы әкімінің кездесуіне кіре алмай, «полиция қызметкері лақтырып жіберіп, астынан қан кетіп, ауруханаға түскен, ота жасатқан» әйел де сіздердің ауданның тұрғыны. Көпбалалы анаға нақты қандай көмек қолын созып жатырсыздар?
Сіздерге қояр сауалымыз алтаудан да көп. Бірақ ең болмаса, осы сауалдарға сұхбат берер деген үміттеміз», — деді Ирина Советжанқызы парақшасында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz