Қазақша реферат: Педагогикалық зерттеу әдістері |

0






Педагогикалық зерттеу әдістері — бұл педагог-зерттеушілердің өз пәні жөніндегі білімдерді жинақтау және топтастыру үшін қолданатын жолдары мен тәсілдері. Әдістерді пайдалана отырып, зерттеуші тұлғаның тәрбие, оқу, білім, даму, қалыптасу үдерістері мен олардың нәтижелері жөніндегі деректерді қолына түсіреді. Білім топтастырудың көп әдістері бар. Олардың ішінде дәстүрлі (эмпирикалық) және жаңа (эксперименталды, теориялық) әдістер ажыралады.
Дәстүрлі әдістер — бұл педагогика ғылымының бастапқы пайда болу дәуірінде қызмбт еткен зерттеушілерден бізге дейін мұра болып жеткен білім топтастыру жолдары. Педагогикалық зерттеупердің дәстүрлі әдістері қатарында танылғандары: бақылау, тәжірибе, дерек көздерін зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, оқушы шығармашылығы өнімдерімен танысу әңгіме — сұхбат.
Бақылау — педагогикалық тәжірибені зерттөудің ең жеңіл және көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау- бұл таным нысанын, үдерістер мен құбылыстарды табиғи жағдайда зерттеу үшін арнайы ұйымдастырылған ізденіс әрекеті. Ғылыми бақылаудың басты өзгешеліктері келесідей: 1) міндеттер анықталады, нысандар белгіленеді, бақылаулар сұлбасы түзіледі; 2) алынған нәтижелер міндетті түрде хатталады; 3) қолға тиген деректер өңделеді; 4) нәтижелер бұрынғы белгілі болғандармен салыстырылады және басқа әдістер жәрдемімен қайта тексеріледі. Тиімді болу үшін бақылау ұзақ мерзімді, жүйелі, көптарапты, шынайы және ауқымды болуы қажет.
Бақылау әдісінің маңыздылығын, оның жеңілдігі мен көп таралғанын айта отырып, оның кемшіліктерінің де болатынын ұмытпау қажет: бақылауарқылы педагогикалыққұбылыстардың астарлы, ішкі мән-мағынасын толық ашылмайды, бұл бақылау барысында алынған ақпараттардың толық шынайлылығын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан бақылау көбіне зерттеулердің бастапқы кезеі-щерінде басқа әдістермен бірге қолданылады.
Тәжірибе зерттеу — педагогикалық зерттеулерде ертеден қолданылатын әдістердің бірі. Бұл әдіске байланысты танымдық іс-әрекеттерді жасай отырып, тәрбиенің тарихи бай-ланыстарын тіктейміз, оқу-тәрбие жүйелеріндегі жалпы және тұрақты құбылыстарды айырамыз. Осы әдістің жәрдеміменен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, жаңа та-рихи жағдайларда оларды қолдану жөніндегі парасатты қорытындылар жасалады. Осыдан бұл әдісті «тарихи» деп те атайды. Тәжірибе зерттеу әдісі және бір — дерек көздерін зерт-теу немесе архивтік- әдіспен тығыз байланысты. Осы тәсілмен ежелгі жазу ескерткіштері, заң акттері, жобалар, көрсетпелөр, есептер, баяндамалар, съездер және конференциялардың ма-териалдары мен қаулылары бірегей ғылыми талдауға түседі. Көп жағдайда шығармашыл қызмөт етіп жатқан педагогикалық ұжымдар жеке мұғалімдердің озат тәжірибөсін зерттеуді дө осы әдіспен байланыстырады. Осы әдіспен зерттеудің нәтижесінде жария етілген озат тәжірибелер педагогика ғылымында және тәжірибесінде қалыптасқан көзқарастарды сынауға және бұрыннан қатаңжүйеге түскен бағыттарды өзгерте қарастыруға себепші болды.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер оқу-тәрбие үдерісін бейнелеуші мектеп құжаттарын талдауды да маңызды әдіс деңгейіне көтерді. Мұндағы ақпарат көздөрі — сынып журнал-дары, жиналыстар мен отырыстар, хаттама кітаптары, оқу дәрістерінің кестелері, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің күнтізбе және тақырыптық жоспарлары, конспекттері мен сабақ стенограммалары және т.б. Мектеп құжаттарымен та-ныса отырып, балалардың денсаулығы және олардың үлгерімі арасындағы қатынасты, мұғалімдөрдіңжұмысқабілетініңсабақ кестесіне байланысын байқауға болады. Мектеп құжаттарын зерттеу, әлбетте, басқа әдістерді қолданумен қосарлана пай-даланылады.
Оқушы шығармашылығы өнімдерін зерттеу әдістері. Оқушылардың өз бетінше барша пәндер бойынша орындаған үй жәнө сынып жұмыстары, әдебиет және тіл сабақтарында жазған шығармалары, өзіндік рефераттары, қоғамдық жұмыстарына байланысты есептері, эстетикалық және техникалық істерінің нәтижелері — тәжірибелі зерттеушіге бала жан дүниесі мен оның қызығулары жөнінде мол да нақты деректер береді. Баланың бос уақытында дайындаған өнімдері, қызығу шұғылданыстары да бала өмірін тануда маңызды рөл ойнайды. Оқушының жеке дара ерекшеліктері, ұмтылыстары мен қызығулары, іске және өз міндеттеріне қатынасы, ұқыптылығы, зерделігі және басқа да қасиеттері, оның іс-әрекет сеп-түрткілері (мотивы) аталған әдісті табысты қолдануға көң мүмкіндік береді. үдерісінің барысын өзгертпей жүргізіледі. Мұндай эксперимент зертханалық деп аталады.
Қазіргі заман педагогикасында ғылыми мақсатта да, күнделікті тәжірибелік мүддеге орай да тестілеу әдісі кең қолданылуда. Тестілеу — қатаң бақылау астында баршаға теңдей мақсатты көздеген зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушылардың оқуы, тәрбиесі мен даму сипаттары және оларға байланыс-ты нәтижелерді шынайы өлшемге келтіруге, педагогикалық үдерістің қай дәрежеде өтіп жатқанын анықтауға мүмкіндік бе-реді. Басқа әдістерден тестілеудің айырмашылығы — дәлдігі, қарапайымдылығы, жеңілдігі, автоматтастыру мүмкіндігі.
Бастауыш мектеп мұғалімдері осы күнде үлгерім тестерін кең қолданып жүр. Бұдан басқа мектеп практикасында жүгіртіп оқу, жазу, қарапайым арифметикалық амалдарды анықтау үшін элементар ептілік тестері де пайдаланылады. Сауат және даму деңгейін нақтамалау тестері оқушының кемелден-генін, игерілген білім дәрежесін, барлық оқу пәндері бойынша ептіліктерін анықтауға көмегін тигізеді. Оқу бағдарламасының ірі бөлімдерін өтіп болғаннан соң көп шама сүрақтарды қамтыған қорытындылау тесті ұсынылады. Мұндай тестер екі түрде ажыралады: шапшаңдыққа және білім кушіне орай. Бірінші жағдайда оқушының барлық сұрақтарға жауап беруі-не уақыт жетпейді, себебі, жылдам әрі шапшаң жауап беру керек; ал екінші жағдайда шапшаңдық талап етілмейді, кере-гі — білім тереңдігі мен орнықтылығы. Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларына арналған тестер көбіне жеңілдетілген баламада көлтіріледі.
Тәрбие, білім алу, оқу үдерістері үжымдық (топтық) сипатқа ие. Оларды зерттеу үшін көбіне белгілі жоспармен түзілген көпшілікке (массовый) сүрақ қою әдісі қолданылады. Мұндай сауалнама ауызша (интервью) немесе жазба (анкеттеу) күйінде жүргізіледі.
Анкеттеу — арнайы түзілген сауалнама жәрдемімен көпшілік ақпаратын жинау әдісі. Педагогикалық тәжірибеде анкеттеудің әрқилы түрлері бар: өзінше жауап түзу — ашық анкета, дайын жауаптардың бірін таңдау — жабық анкета, аты-жөні көрсетілуі қажет — атаулы анкета, аты-жөні көрсетілмейтін — бүркемелі (аноним) анкета, толықжәне қысқартылған, дайындаушы және бақылау, т. б. анкөталары.
Сыныптың ішкі қатынастарын талдауға мүмкіндік бере-тін топтық жіктеу (дифференциациалау, социометрлік) әдісі кең қолданылуда. Мысалы, оқушыға: «Кіммөн бірге…» (саяхатқа шығар едің?) т.б. сұраққа жауап беру талап етіледі. Әр сұраққа үш «таңдау» беріледі. Балалардың анкетада бер-ген жауабына қарап отырып, сол баланың өзінің бедөлі және оның қатынасқысы келген балалардың сыр-сипатын анықтауға болады, яғни сыныптағы әр баланың орны, рөлі және бе-делі жөнінде ақпарат топталады. Сонымен, әртүрлі зерттеу әдістерімен педагогтар тәрбие, оқу және білім үдерісі қалай жүріп жатқанын талдайды, қолға түскен деректерді сарап-тайды, алынған қортындыларды ғылыми білімдер жүйесіне қосады. Жеке дара алынған қай әдіс те сенімді қорытындыға көпіл бола алмайды. Сондықтан әдістер өзара байланыста пайдаланылады. Педагогикалықтеория және тәжірибе деңгейі мен қолдануға түскен зерттеу әдістерінің арасында тығыз тәуелді байланыс жүреді.

















Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!