Швейцария қазақша слайд,презентация

0

Швейцария қазақша слайд,презентация

 

 

Швейца́рия-батыс Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі. Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65,6%-ы — неміс тілді швейцарлар, 22,8%-ы — француз тілді швейцарлар, 8,4%-ы —италиян тілді швейцарлар, 0,6%-ы — реторомандықтар . Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар. Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель.Швейцария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291). Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі. 26 кантонға бөлінеді.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!