Қалтаға сыйып кететін шағын кітаптар

0

Александра АЛЬТЕР, «Нью-Йорк Таймс»

Нью-Йорктің жас оқырмандарына арналған Dutton Books баспасының президенті Джули Стросс-Габельдің кішкентай кітаптарды ойлап табуы баспа индустриясына жаңа леп әкелді. Қалта көлемімен бірдей кішкентай кітапшалар Голландияда кеңінен таныла бастады.

 «Алғаш көргенімде таңғалдым, дейді автордың өзі. – Оларды қалай жасайтынын анықтауды өзіме міндет еттім».

Өткен айда Dutton кішкентай кітап­ша­ларының сатылымын бастады. Жас­тар мен ересектердің сүйікті авторына айналған Джон Гриннің кітабын қай­та басып шығарды. Кішкентай кітап­тар қалта телефонының көлеміндей жә­не қалыңдығы басбармағыңызбен шамалас. Ал парақтарының қалыңдығы пияз қабы­ғынан да жұқа. Оларды бір қолмен оқу да ыңғайлы, өйткені текст көлденең түсірілген. Парақтарын аудару смартфон бетін түрткеннен оңай. 

Бұл жоба сәтті болса, жасалған жұмыстар кітап баспасы индустриясын дамытып, тіпті кітап оқу мәдениетіне жаңалық енгізбек.

Мистер Грин кішкентай кітаптармен Амстердамда тұрған кезінде танысқан-ды. Нидерландтар өз тілінде оларды «dwarsliggers» деп атайды. Жаңа формат Еуропада кең таралып, оның 10 миллионға жуық тиражы сатылған. Ерекше форматта Дэн Браун, Джон ле Карре, Йан Мак Эван, Изабель А­л­ландтың, сонымен қатар Агата Кристи мен Фитз Скот Фитзджеральд сынды классиктердің шығармалары жарық көрді.   

Джон Гриннің «Алясканы іздеймін», «Бірнеше Катерина», «Қағаз қалалар», «Жұлдыздарымыздың қатесі» туын­ды­-

лары кішкентай кітап ретінде 12 доллардан, ал жинағы 48 доллардан сатылмақ. Оларды Американың кітап дүкендерінен оңай табуға болады.   

Ғасырлар өте баспа үйлері кішкентай кітаптармен түрлі тәжірибе жасап, кей кезде жақсы нәтижеге жетіп отырды. 1939 жылы Pocket Books Америкаға қалта көлеміндей кітаптарды таныстырған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америка әскерін кітаппен қам­та­масыз ету жаңа бастамаға әкелді. Әскери қызметкерлер өздерімен алып жүретін кітаптар шығарыла бастады. 

Дегенмен соңғы кезде кітап индус­три­я­сындағы жаңалықтар тек цифрлан­дыруға байланысты. Бұған электронды кітап пен аудио кітаптарды мысал ретінде айта аламыз. 

Кей баспа үйлері бұған дейін жарық көрген кітаптардың мұқабасын өзгерту арқылы олардың сатылуын қайта жан­дан­дырғысы келді. 

Мистер Гриннің ағылшын тіліндегі көлденең кітаптарын табу қиынға соқты. Голландиялық баспа үйі Royal Jongbloed бұған қол жеткізген жалғыз компания. Олардың кітаптары Финляндия зауы­ты даярлайтын өте жұқа бірақ мық­ты қағаздардан жасалған. Мұнымен қоса Dutton дизайнерлері қаріптер мен мә­тінді орналастыру бойынша тәжірибелер жасаған. 

«Біз әр миллиметрдің сұрауы бар заманда өмір сүріп жатырмыз», дейді мисс Стросс-Габель. 

Мақаланы аударған Светлана Ғалымжанқызы, 

«Егемен Қазақстан»