Жеміс шырыны неге зиян?

0

 Жеміс шырыны неге зиян?

Біз ылғи табиғи шырын мен газды сусындарды салыстырумен келеміз. Қай сусынның денсаулыққа пайдасы бар, ал қай шырын, керісінше, зиян? Біз бүгін газды сусынға қарағанда қанты көбірек, яғни, зияны да көбірек жеміс шырындарымен таныстырамыз.

Жаңа сығылған жеміс шырындарын диеталық мақсатта қолданамыз. Олардың құрамында ағзаға қажетті минералдар, дәрумендер бар. С дәруменінің көптігіне қарамастан, жеміс шырынында қанты көп көмірсу мөлшері газды Кока-Коладан әлдеқайда артық.

Ал, дәрумендер қайда?
Бақылап көріңізші, шырын өндірушілері ешқашан “шырында” дәрумендердің қалай пайда болғанын назарға алмайды. Адамдардың түсінігінде “табиғи” деген ұғыммен қатар дәрумендер бірге селбеседі.

Ал, шындығында арнайы қораптардағы “табиғи” шырындардағы дәрумендер – химиялық қоспалар. Қораптың сыртында дәрумен атауы көбірек жазылған сайын, зерттеуді соғұрлым  қажет етеді. Өйткені, жаңа сығылған шырынның өзінде дәруменнің небәрі 1-2 түрі кездеседі.

Шырындағы дәрумен мөлшері:
100 мл апельсин шырынында С дәруменінің күндізгі межесінің 80%-ы, А дәруменінің 4%-ы кездеседі. Ал, өзге дәрумендер түрі әлдеқайда аз кездеседі.

Неге шырындар зиян?
Жеміс шырындарында дәруменнің бар екендігіне қарамастан, оның құрамында қант көп. Демек, шырынды күнделікті ішу метоболизмнің бұзылуына әкеледі. Аяғы семіздікке дейін жалғасады.

Ағзаға сіздің ақ рафинад қант қолданып жатқаныңыз не “табиғи” жеміс қантын қорек етіп жатқаныңыз маңызды емес. Әсіресе, фруктозаның майға айналу мүмкіндігі жоғары.

Онда неге жемістер пайдалы?
Жемістердегі маңызды элемент  дәрумендер емес, ас талшықтары (клетчатка) екенін ұмытпаған жөн. Жемістің өзін жесеңіз, ас талшықтары қанттың жағымсыз әсерін бейтараптандырады. Ал, шырын өндірісінде ас талшықтары жойылып кетеді.

Жемістерді жеудің де өзіне сай уақыты мен адам ағзасына әсері бар. Сіз  шырынды қаншалықты жиі ішесіз?