Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы | Скачать Дипломдық жұмыс

0


Диплом жұмысы
Қазақ диаспорасының географиялық қоныстану ерекшеліктері және олардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу
географиясы 6
1.1. Қазақ диаспорасының таралу және орналасуының тарихы және
географиялық сипаттамасы 7
1.2 Қазақ диаспорасының бейімделуі және жұмыс бастылық сферасы 8
2 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының әлеуметтік –
саяси жағдайы
33
2.1 Қазақстан Республикасының шет елдердегі отандастарға және
репатрианттарға деген саясаты
33
2.2 Қазақстан Республикасындағы оралман-репатрианттардың саяси –
экономикалық жай күйі 41
3 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының қазіргі
жағдайы
43
3.1 Әлем елдеріндегі қазақтардың жай күйінің салыстырмалы
сипаты
49
3.2 Диаспоралардың тарихи отандарына деген мәдени әлеуметтік-
экономикалық қарым қатынасы 55
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ диаспорасы құбылысы соңғы уақытта
еліміздің әлеуметтік, гуманитарлық, географиялық зерттеулер объектісіне
айналуда. Бұл үрдіс көптеген тарихи-географиялық дүниетанымдық мәселелерді
нақты ғылыми тұжырымдауға мүмкіндік береді, этникалық ауқымды бағдарларға
теориялық сипат жасауға негіз болады.
Қытай, неміс, орыс, корей, жапон және тағы басқа ұлттар диаспораларын
зерттеу жұмыстары көп, бірақ қазақ дисапорасы жайында, әсіресе қазақстандық
авторлар жазған жұмыстар өте аз. Теория жүзінде көпшілігі ресейлік (Н.
Алексеенко, И. Орлянский, А. Асылбеков, Н. Бекмаханова, М. Тәтімов, Н.
Масанов, Г. Мендіқұлова, З. Қабылдинов, Ә. Бақтыбаев, В. Козина, А. Галиев,
Ж. Ермекбаев, Ғ. Қозғанбаева, А. Айдосов) авторлар зерттеулеріне сүйенеді.
Кеңес дәуірінде және қазіргі уақытта да қазақ диаспорасын шет ел ғалымдары
зерттегені белгілі. Олар негізінен тарихи орналасуына көбірек көңіл бөлген.
Бірақта өкінішке орай көптеген сұрақтар әлі күнге дейін жауабын тапқан жоқ,
себебі қазақтардың қоныс ауыстыруы саяси-әлеуметтік және экономикалық
зұлматтар кезінде болды немесе күшпен жүргізілді, сол себептен көптеген
құжаттар мен жазба көздері жоғалып кеткен.
Қазақ халқы өз жаңа тарихында бірнеше саяси-әлеуметтік нәубетті бастан
кешірді. Жоңғар басқыншыларымен күрес, 19 ғасырдағы саяси реформалар, ХХ
ғасырдың 20-30 жж. ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін, 40 жылдардағы екінші
дүние жүзілік соғысқа қатысу, 50 жылдардағы тың игеруге байланысты
қазақстанға славян ұлттарының жаппай көшірілуі қазақтың ұлт ретінде аман
қалуына қауіп төндірді. Сол нәубеттің салдары тәуелсіздік алған еліміздің
дамуына әлі де белгілі деңгейде әсерін тигізуде. Қазақ ұлты жаһандану
үрдісіне төтеп беретін, бәсекеге төзімді ұлт болуы үшін халықтың
сапасымен қоса санын да арттыру қажет. Соның бірден-бір жолы — шетелдегі
қандастарымызды Қазақстанға көшіріп, қоныстандыру.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан – 2030
жолдауында: …ұлттық қауіпсіздіктің маңызды басымдылықтардың бірі
демографиялық және миграциялық саясат — деп көрсетіп берді. Бұл жақын және
алыс шет елдердегі қазақ диаспорасына тікелей қатысы бар. Бүгінгі күні шет
елдердегі қазақ диаспорасын географиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі өзекті
болып отыр.
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс
және жақын шет елдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады.
Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен көшіп кеткен немесе шекаралардың
сан түрлі саясаттарға байланысты өзгеріп, еріксіз басқа елдердің азаматтары
болып қалған қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан
оларға оралман деген атау да берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық
деңгейде репатриант деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен
күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының біршама бөлігі
(39%) өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүріп жатыр.
Жалпы қазіргі кезеңде жаһандану процестері әлеуметтік-этникалық
кеңістіктің барлық салаларын қамтуда. Сондықтан мемелекетіміз жаңарған
кезеңде қазақ диаспорасы мәселесіне бетбұрыс жасап, оған тереңірек көңіл
бөліп, жан-жақты сараптау, зерттеу тақырыптың өзектілігін құрайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорыта келе бүгінгі таңда әлемнің
түрлі елдеріндегі этникалық қазақтардың жағдайын зерттеу аса маңызды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың теоретикалық-
әдістемелік негізі ретінде ірі тарих, география, экономист ғалымдарының
еңбектері қолданылды.
Зерттеудің негізгі мақсаты: Қазақстандағы диаспоралық географияны
зерттей отыра әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының санына және әлеуметтік-
экономикалық жағдайларына сипаттама жасау.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
— Қазақтардың әлем елдеріне қоныс аударуының себептерін талдау,
тарихи отанына қайту мәселелерін қарастыру;
— ҚР және басқа елдердің аумағындағы қазақтардың бейімделуінің
ерекшілігін және қиыншылығын сипаттау;
— Қазақстанда және басқа елдердегі диаспоралық саясаттың географияға
бағытталуын айқындау;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Тандалған жұмыс бойынша
материалдарды жинау барысында экономикогеографиялық сипаттағы ғылыми
еңбектерді мүлдем кезіктірмедік. Сол себептен, жинақталған және қортыланған
материалдарды және Қазақстандағы диаспоралық проблемаларға деген өзіміздің
көзқарасымызды, Қазақ диаспорасының пайда болу тарихын географиялық
тұрғыдан қарастыру бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы деп есептейміз.
Бітіру жұмысының қорытындылары 2010 жылы сәуір айында өткен
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіндегі
студенттердің ғылыми іс-тәжірибелік конференциясында оқылды, бір
жарияланған мақала бар.
Бітіру жұмысының көлемі 63 бет, ол кіріспе, 3 бөлімнен және қорытынды,
қолданылған әдебиеттер тізімі, 10 кесте, 14 суреттен тұрады. Бірінші
бөлімде әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу географиясының
сұрақтары мен оларды зерттеу қажеттілігі қарастырылған. Екінші бөлімде әлем
елдеріндегі қазақ диаспорасының әлеуметтік – саяси жағдайы, Қазақстан
Республикасының шет елдердегі отандастарға және репатрианттарға деген
саясаты, Қазақстан Республикасындағы оралман — репатрианттардың саяси –
экономикалық жай күйі қарастырылды. Үшінші бөлімде әлем елдеріндегі қазақ
диаспорасының қазіргі жағдайы, диаспоралардың тарихи отандарына деген
мәдени әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасы қарастырылған.
Бітіру жұмысының авторы өзінің ғылыми жетекшісі г.ғ.к., доцент
Бейсембаева Р.С., сонымен қатар, география құжырасының оқытушыларына
көрсетілген көмектері үшін үлкен алғысын білдіреді.

1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының таралу географиясы

Диаспора сөзі – грек тілінен шыққан, шашырау деген мағынаны
білдіреді. Біртіндеп бұл термин жаңа ортада этникалық аз топ боп өмір сүріп
жатқан басқа діни және этникалық топтарға қолданыла бастады. Қазіргі саяси
ғылымда диаспора ұғымы этникалық саясаттың алты санатының біріне жатады
және көшіп барған, қарсы алған елінде тұратын және әрекет ететін, бірақ
шыққан елімен күшті сентименталдық және материалдық байланысы бар этникалық
азшылық топты сипаттайды. Қазақ диаспорасы алысқа, сыртқы шекараларды
кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Ресейге, Орта Азия мемлекеттеріне,
Ауғаныстан мен Иранға, сосын бүкіл дүние жүзіне көшіп-қонған, алдымен
уақытша көшкенімен, соңынан тұрақты қалып қойған [1].
Қазақ диаспорасы өз тарихында саяси және діни себептердің салдарынан
күштеген немесе мәжбүрлеген сипаттағы көші-қонды бастан кешірді. Соларға
қысқаша сипаттама беріп кетсем: 1960 жылдарға дейін, Батыс Еуропа, Америка
және Парсы түбегі елдеріне еңбек көші-қоны дами бастаған кез болған . Бұл
жағдай мәжбүрлік көші-қонды ерікті көші-қонға түбегейлі өзгерте қоймады,
керісінше көптеген себептерден өзгеше экономикалық себептердің салдары
болып табылды. Сонымен қатар, 1960 жылдардың басына дейін қазақтардың әлем
елдеріне көші-қоны бұқаралық сипатпен ерекшеленді, ал қазіргі кезеңде
реципиент тұратын елдеріне өз отбасыларын шақыру арқылы қоныс ауыстыру тән
[1].
Қазақ диаспораларын зерттей отырып, мыналарды атап өтуге болады: оның
өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады, біртұтас ата
қонысы – Қазақстан, мұсылман дінін ұстанады, түркі тілдес халықтарға
жатады, бірақ бұрынғы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі
кезде Отанынан тыс, Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде көбірек
тұрады.
Қазіргі кезде әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша қазақ
диаспорасы өкілдерінің саны 4 млн.-нан 5 млн.-ға дейін жетеді.
Қазақ ирредентасы мен диаспорасы біздің мемлекетіміздің олар тұратын
елдермен жүргізетін сыртқы саясатының маңызды компоненттерінің бірі, сол
елдермен жасалатын мемлекетаралық қарым-қатынастарға тарихи Отаны –
Қазақстан және басқа ұлт арасындағы этникалық аз топ ретіндегі қазақтардың
жағдайы ықпал етеді [2].
Осыған байланысты нақтылай кететін нәрсе, Қазақстанмен шектес жатқан
аумақтардағы – Ресейдегі (Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы-Алтай
Автономиялық облыстары), Өзбекстандағы (Сырдария, Шыршық, Қызылқұм,
Мырзашөл аудандары) және Қытайдағы (ШҰАА Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа,
Еренқабырға, Баркөл-Құмыл аудандары) қазақтарды ешқандай да диаспора
терминімен анықтауға болмайды, өйткені олар өздерінің тарихи аумақтарында
тұрып жатыр, сондықтан халықтың осы тобы ирредента терминімен анықталады.

Қазақ диаспорасының ерекшеліктері туралы мынаны айтуға болады.
Көшпелілер өркениеті генінің арқасында қазақтар әлемнің кез келген еліне
сәтті бейімделеді. Сөйте тұра олар барлық уақытта да этникалық аз топ болды
және болып қала береді, яғни тұратын елінде нақты саяси салмағы жоқ.
Егер де қазақтарда қандай да бір негізгі құндылық болатын болса, ол
ұрпақтық топтар идеологиясы деп тұжырымдайды кейбір шетелдік зерттеушілер.
Ең таңқаларлығы, архаикалық идеология диаспорлардың шетелдерде қарқынды
урбанизациялануына және тұратын ортасындағы болмай қоймайтын ассимиляциялық
контрфакторларына қарамастан өркендеп келеді. Мүмкін бұл зерттеушілердің
қазақтар ерекше ұрпақтық топқа жату тұжырымдамасын ұстанып тұрған кезде
оқшау субмәдениет ретінде сақталуы мүмкін деген қорытынды жасауы дұрыс та
шығар [3].

1.1 Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасының географиялық таралуы
және орналасуының тарихи – географиялық сипаты

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деп қазақ даналығы
тектен-текке өсиеттемесе керек. Құғын-сүргін, жаппай репрессия, аштық және
соғыс жылдары бала-шағасының шыбын жаны үшін елден жыраққа кетуге мәжбүр
болған қазақтың қазіргі ұрпағы әлем елдеріне тарыдай шашылған.
Ұлттық диаспора деп Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп келген халықты
айтамыз. Себебі Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтардың жартысынан
астамы, яғни 8,5 миллионы (2009 жыл бойынша) өзінің ежелгі ата – мекенін
бұрынғыдай жайласа, ал қалған 5 миллионы бөтен жерлерді қоныстанған.
Қазіргі Қазақстан Республикасының территориясы бүкіл қазақтың ата – мекені
тек үштен екісін ғана қамтиды. Демек қазақтың ежелгі ата – мекені 4 миллион
шаршы километрге жайылып жатыр. Оның 12 млн. Шаршы шақырымы Ресейде (600
мың шаршы шақырым), Орта Азияда (200 мың шаршы шақырым) және Қытайда (400
мың шақырым) қалып қойды [3].
Қазақ саны өзінің негізгі орналасқан кең ареалынан сыртқа қалай шығып
кеткені туралы қысқаша айтсақ, бұл ағымның басталуы ақтабан шұбырынды
кезіндегі күшті жауынгершілік оқиғасымен байланысты болған. Солтүстік
шығыстан баса көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан 1723 жылдан бастап
шегінуге мәжбүр болған халық, солтүстік–батысқа (Сарыақаның орталығы мен
солтүстігі) және оңтүстік-шығысқа қашып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдеп
енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан әбден күйзелген қазақтың ру – тайпалары
Ташкент маңындағы құрамалар сияқты қайта құрылып, сол аймақтарда бір жола
қалып қойғандар да баршылық. Тамды аймағында, Мырзашөлде және Шаршық
бойында қазақтар ежелден – ақ сол жердерде тұрып келген. Жоңғар хандығы
жеңіліс тауып, біржола жоқ болғандығына байланысты қазақтар өздерінің
ежелден мекендеген шығыстағы жеріне 150 жылдаң соң қайта орала бастады. Бұл
көшу 1754 жылдан бастап, әрқилы тарихи оқиғалармен бірнеше рет жалғаса
отыра, екі ғасырға дейін созылып, тек 1934 жылы ғана аяқталды.
Қазақ диаспорасының әрі қарай кең етек жаюына жауынгершіліктен кейін
отаршылдық саясат та тікелей әсер етті. Алдымен Еділ мен Жайықтың
жағасынан, кейін Есіл мен Тобыл бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен жер
аударылған көшпелілер Солтүстік – батыстан Оңтүстік – шығысқа қарай
біртіндеп көше бастады. Отаршылдық кезең шамамен 1650 жылдан бастап, 1916
жылғы көтеріліске дейін жалғасып келген. Ол тым ұзаққа, шамамен екі – үш
ғасырға созылған ұзақ мерзімді процесс болғандықтан қазіргі күнге дейін
өзіндік бағасы берілмей келген [1].
Қазіргі Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының бұрыңғыдай қоныс
аударуы азамат соғысы жылдары кенеттен жаңа күшке ие болды. Қарапайым
халықты ақтар әскері бір ығыстырса, қызылдар әскері келіп тағы бір
ығыстыратын. Бірнеше жылдарға созылған ұлт – азаттық азатық көтеріліс,
төңкеріліс және азамат соғысы жылдарында аштықтан қырылғандар мен оққа
ұшырығандары (шамамен 900 мың), ата – мекенінен көшкенінен бір жола көшіп
кеткендер (шамамен 200 мың) кемшілік, яғни миллионнан асқан.
Үш бірдей 1931-1933 жылдарға созылған қызылқырғыннан барлық шығыны 2
млн. 300 мың адам болған. Асыра сілтеу деген бұл қырғынның ресми түрде
саяси аты ғана, ал халықтың аты мешін жылғы апат. Ал енді осы ересен
демографиялық апат әлі күнге дейін өзінің қызыл қырғын деген атын алған
жоқ [1].
Осындай қиын қыстау жылдары қазақ халқы өзінің тарихи отанынан шет
елдерге қашып пана тауып, әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр.

1.2 Қазақ диаспорасының бейімделуі және жұмыс бастылық сферасы

Жаһандану кезеңінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени
салалардағы өзгерістерге негізделген этноаралық процестердің қарқыны Әлем
қауымдастығы өмірінде айтарлықтай өсті, олар Қазақстанды да айналып өткен
жоқ. Полиэтникалық Қазақстанның өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде
тәуелсіздігін нығайтудың басты шарттарының бірі халқының рухани жандануы,
бірігуі мен бірлесуі болып табылады. Бұл түрлі себептерге байланысты,
Қазақстаннан тыс өмір сүріп жатқан этникалық қазақтармен тіршілік
әрекетінің барлық салаларында тығыз ынтымақтастықты орнатуды көздейді.
Қазіргі кезде Қазақстаннан шет елдерде 5миллионға жуық қазақ әлемнің
25 елдерінде  тұрады. Әлем елдеріндегі таралу географиясын айтарлықтай
қазақ диаспорасы көбірек орналасқан негізгі 5 аймақты бөліп көрсеттім. Атап
нақтылап айтатын болсақ: Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Орта
Азия елдері, Еуропа одағы, Туркия мемлекеттері. Ең бірінші қазақ диаспорасы
және ирредентасы ең көп орналасқан Ресей Федерациясына тоқталып өтсем
деймін.
Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін 1995 жылдан бастап
Қазақстан Республикасы мен қазақ диаспорасы өкілдері арасындағы өзара қарым-
қатынастың жаңа кезеңі басталды. Ең алдымен 1996 жылдың 31 желтоқсанында
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «Қазақ диаспорасын қолдау
бойынша мемлекеттік бағдарлама» құрылды, 1997 жылы 13 желтоқсанда «Көші-қон
заңы» қабылданды, Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2007-2015
жылдарға арналған Стратегиясы, 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының
территориалды даму стратегиясы бекітілді. Қазақстан Республикасының
территориясында этникалық иммигранттарды, еңбек ету үшін келгендерді
рационалды қоныстандыру мен жайғастыруда жәрдем көрсету мақсатымен Нұрлы
көш бағдарламасы жүзеге асырылуда. Репатрианттардың Мемлекеттік квоталары
бекітілді. Қазақ диаспорасы үлкен аралықтардағы жерлерге уақытша көштен
басталып, одан кейін ұзақ мерзімді көші-қонға айналған. Олар сыртқы
шекарадан, яғни Қазақстаннан Қытайға, Орта Азия елдеріне, Ауғаныстан және
Иран, ал одан кейін барлық әлем бойынша таралған [3].
1731 ж басталған қазақ жүздерінің Ресейге қосылу үдерістерінен кейін
қазақтардың Ресей территориясы бойынша көшпенді орын ауыстыруы басталды.
Бұл қазақтардың саудада, қалалар құрылысында, әскери қоршаулар тізбегіне
қатысумен, жаңа территорияларды басқару саласында жаңа үкіметтік
реформаларды жүргізумен түсіндіріледі.
Жалпы Қазақстан мен Ресейдің шекаралық ұзындығы жеті мыңнан астам
километрді құрайды, бірақ бізді біріктіретін бұл ғана емес [4].
Қазақстанда 4 млн-ға жуық орыс тұрады, Ресей Федерациясында әртүрлі
бағалау бойынша 650 000 нан 1 500 000 этникалық қазақтар тұрады. Ресейде
қазақ отбасыларының тығыз тұрақтылығы келесі аймақтарда байқалады: Еділ
маңы федералды аймақ (228016 адам), Оңтүстік аймақ (201095 адам), Астрахан
облысы (142633 адам), Орынбор облысы (125568 адам), Сібір федералды аймағы
(123914 адам), Мәскеу қаласында 7997 адам, Санкт-Петерборда 2830 адам
тұрады [5].
1897 жылдан бастап жүз жылдан астам уақыт аралығында Ресейде (КСРО)
тоғыз халық санағы жүргізілген. Ең соңғысы 2008 жылы өткізілді (1
кесте).
Кесте 1
Ресейдегі қазақтардың салыстырмалы көрсеткіштері
Жылдар 1978 1988 1998 2008
Саны 356646 477820 635865 13100005

Кестеден көріп отырғандай, қазақ этносының Ресейдегі саны көші-қон
үдерісі басталғаннан бері ұлғаюда. Егер де 1978 жылы Ресейдегі қазақтар
саны 356646 болса, он жыл шамасында бұл көрсеткіш 477820 дейін жетті. Ал
1988 жылы 1998 жылмен салыстырғанда 158045 адамға көбейді.
Бұл көрсеткіштер, тарихи оқиғаларға байланысты ұлғайды. Себебі қазақ
ұлтының көптеген адамдары ол тарихи оқиғалар салдарынан өз жерлерінен көшіп
кетуге мәжбүр болды. Салыстырмалы көрсеткішін төмендегі келтірілген
диаграммадан көруге болады (1 сурет).
2005 жылдың Жалпыресейлік халық санағы нәтижелері бойынша Ресейде
қазақ диаспорасын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа шекаралық
аймақтарда тұратын қазақтар кіреді. Берілген топқа негізінен ауыл
шаруашылығымен айналысатын қазақтар жатады. Қазақстан Республикасының 14
облысы ішінен Ресей Федерациясымен шекаралас 6 облыс (Қостанай, ШҚО, СҚО,
БҚО, Павлодар, Атырау, Ақтөбе) кіреді. Екінші топқа қалада тұратын диаспора
өкілдері кіреді. Олардың көбі жоғары білімді және интеллектуалды еңбекпен
айналысатындар [5].
Кеңес одағының ыдырауы ресейлік қазақтарға жаңа саяси және әлеуметтік
жағдай туғызып, жаңа мәртебе берді. Одақ тұсында РСФСР-да тұратын қазақтар
өздерін диаспора ретінде сезінген жоқ. Себебі КСРО – барлық ұлттардың ортақ
отаны болды. Ал әлемдік кеңістікте тәуелсіз Қазақ мемлекетінің пайда болуы
басқа республикалардағы қазақтарды диаспораларға айналдырды. Сонымен бірге
Қазақстанның дербестікке қол жеткізуі қазақ диаспорасының ұлттық санасын
оятып, ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін білуге, бүгіні мен ертеңін тануға
ынталандырды. Ресей азаматы бола алғанымен, енді олар тарихи отаны бар,
жағдай болғанда Ресейді тастап кетуге дайын этностық топ ретінде
қабылданатын болды.  Ресейдегі олардың жағдайы енді осы қатынастардың
сипатымен өлшенетін болды [1].

Сурет 1. Ресейдегі қазақтардың салыстырмалы көрсеткіштері
Ресей Федерациясында қазақ диаспорасы Ресей қоғамының әлеуметтік-
экономикалық стратификациясында жақсы бейімделген. Олардың өздерінің
қоғамдық бірлестіктері және мәдени орталықтары (40 жуық) бар, сонымен қатар
бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы достастықты нығайтудың факторы.
Әлеуметтік саяси зерттеулер институты 2008 жылы шілде-тамыз айлар
аралығында Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті атты зерттеу жұмысын
жүргізді. Осы зерттеу негізінде Ресейдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне, яғни
Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы қалаларында тұратындарға, бірқатар сұрақтар
қойылды, қатысушылардың жауаптары диаспораның әлеуметтік-экономикалық
жағдайына көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Ресейде тұратын диаспора өкілдерін Ресей территориясында тұру
себептері бойынша екі топқа бөлуге болады: біріншісіне, өмір бойы Ресей
территориясында өмір сүріп келгендер (Омбыдағы қазақ диаспорасы), екіншісі,
Ресейге білім алу мақсатымен барып, қалып қойғандар (Мәскеу,Санкт-
Петербургтегі қазақ диаспорасы).
Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы диаспора өкілдері Қазақстанның
түрлі аумақтарынан көшіп келгендер. Барлық келгендердің өмірлерінің көп
бөлігі Ресейде өтті, себебі оқуға келгенде әлі 20-лар шамасында болған,
қазіргі кезде жастары келіп қалған аға буынды құрап отыр. Аралас некелерге
байланысты қазақ диаспорасы арасында түрлі көзқарастар бар.Сол кездері
оқуға барғандардың көп бөлігі жігіттер болып келеді.
Диаспора өкілдерінің өздерін руларымен сәйкестендіру арқылы өздерінің
ұлттық сәйкестік белгісін білдіреді.
Ресейдегі қазақ диаспорасының көші-қон тарихына қорытынды жасасақ,
Ресейде қазақтардың көші-қон кезеңдерін сауалнама жауаптары бойынша екіге
бөліп көрсетеміз, бұл КСРО және Қазақстан егеменді ел болып қалыптаса
бастаған кезең. Екі кезеңде де білім алу мақсатында Ресейге кетті. Барған
жерлерінде білім алып, сол жердің адамдарымен отбасын құрды. Білім алу үшін
көшіп кеткен жерлері Ресейдің ірі қалалары: Мәскеу, Санкт-Петербург болып
табылады [5].
Дегенмен, Ресей территориясына ата-бабалары ауыр жылдар кезінде көшіп
кетіп, келесі ұрпақтары Ресейде туғандар да бар. Олар Омбы облысында
шоғырланған. Аралас некелерге байланысты қазақ диаспорасы арасында түрлі
көзқарастар бар. Респонденттердің көбі ауылдық жерлерде дүниеге келген.
Кейін білім алу үшін, жұмысқа орналасу үшін Омбы қаласына көшкендер де бар.
Жалпы алғанда Ресей Федерациясы территориясындағы субъекттері бойынша
қазақтардың саны төмендегі кестеде көрсетілген (2 кесте). Сәйкесінше
салыстырмалы көрсеткіштерін көрсететін диаграммалары берілген.
Диаспора арасында өздерін руларымен сейстендіретін адамдар көп. Олар
руларының негізгі қоныстану жерлерін де біледі. Өздері тұрған аумақта
қандай рулар тұратынын да көрсеткен.
Ресейдің қазақтары қазақ ұлтын, қазақ мәдениетін мақтан етеді.
Күнделікті өмірде қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалануға тырысады. Қазақ
ұлтына жатқызылуын ата-аналарының ұлтымен, өздерінің тілдерімен,
мәдениеттерімен сәйкестендіреді. Аралас некелерге байланысты қазақ
диаспорасы арасында түрлі көзқарастар бар.
Кесте 2
Ресей Федерациясының субъекттері бойынша қазақтардың саны.
Облыстар бойынша
Облыстар атауы Қазақтар саны(адам)
Белгород облысы 302
Брянск облысы 190
Владимир облысы 388
Воронеж облысы 378
Иванов облысы 324
Калуга облысы 378
Кострома облысы 174
Курск облысы 155
Липецк облысы 246
Мәскеу облысы 2493
Орлов облысы 176
Рязань облысы 294
Смоленск облысы 320
Сахалин облысы 554
Тверь облысы 438
Тула облысы 332
Ярослав облысы 285
Архангельск облысы 275
Вологодск облысы 177
Калининград облысы 631
Ленинград облысы 779
Мурманск облысы 541
Новгородск облысы 192
Псков облысы 190
Астрахан облысы 142633
Волгоград облысы 45301
Ростов облысы 3021
Киров облысы 269
Нижегород облысы 501
Орынбор облысы 125568
Амур облысы 481
Пермь облысы 802
Самар облысы 14918
Саратов облысы 78320
Челябинск облысы 36219
Курган облысы 14804
Свердлов облысы 4403
Тюмень облысы 18639

Берілген диаграммадан көріп отырғанымыздай облыстар бойынша
қарастырған кезде ең көп этникалық қазақ халқы Астраханда 142633, Орынбор-
да 125568, Волгоградта 45301,Челябинскта 36219, Саратовта 78320 қазақ
тұрады екен (2 сурет).

Сурет 2. Ресей Федерациясының облыстары бойынша қазақтар саны
(2008 ж.)
Қуанышты жағдай жастардың көбі аралас некелерді қаламайды, олардың
көзқарастары аралас некелерге қарсы болып келеді. Аға буынның көпшілігі де
аралас некелерді қаламайды. Дегенмен, диаспора арасында аралас некелерге
тұрғандар да кездеседі [4].
Қазақ диаспораның мәдени сәйкестілігі оң бағытта дамып жатыр деп
айтуға болады. Ата-аналары балаларын отбасыларында қазақ мәдениеті мен
қазақ салт-дәстүрлеріне тәрбиелейді, тұрмыстарын да да пайдаланады.
Диаспораның біраз бөлігі қазақ тарихын білуге қызықғушылықтарын танытады.
Қазақ диаспорасы бір-бірімен мәдени орталықтарда, той-мерекелерде, жұма
намазында кездеседі.
Қазақ диаспорасының өкілдері арасында жұмыссыздық проблемасы жоқ деуге
болады. Жұмыс істеуге болатын барлық салаларға қол жеткізілген. Диаспора
мүшелерінің жұмыс істеу салалары келесідей:
— ғылым (философия, тарих);
— өнер;
— денсаулық сақтау;
— мемлекеттік басқару (сот, прокуратура, инспекция);
— құрылыс;
— сауда;
— қызмет көрсету (мейрамхана, қызымет көрсету персоналы);
— бизнес (ірі кәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік);
— өндіріс;
— ауыл шаруашылығы.
Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін өкілдер де бар. Негізінен диаспора
өкілдерінің көбі шағын кәсіпкерлікпен айналысады.
Ресейдегі қазақ диаспорасын тұрып жатқан аймағына байланысты екі топқа
бөлуге болады. Бірінші тобына шекаралыс аумақтарда тұратындар жатады. Олар
қазақ диаспорасының үлкен бөлігін құрайды, негізінен ауыл шаруашылық
саласында жұмыс істейді. Бұл жалдамалы жұмыс және жеке шаруашалық та болуы
мүмкін [4].
Екінші тобына қалада тұратындар жатады. Олардың көбінің жоғары білімі
бар және интеллектуалды еңбекпен айналысады. Жаңа мемлекеттік ұлт саясаты
диаспора мұқтажын қоса қамтып отыр.
Диаспора ішкі саясаттың объектісі және халықарарлық қатынастар
субъектісі, мемлекеттің ішкі саясаты мен сыртқы саясатын байланыстыратын
көпір, сондықтан қазіргі саяси ғылымда диаспораның халықарарлық
қатынастарға әсер ететуін зерттеу қызығушылық танытады. Диаспора этникалық
саясаттағы алты категорияның бірі ретінде этникалық алуандылықты
құрастырады. Ол мемлекетаралық және халықаралық қатынастарға әсер етеді.
Республикаларда да қазақ диаспорасы көбірек тұрады (3 кесте).
Қазақ диаспорасы бейімделу қабілетіне байланысты қабылдаушы елде өз
қызыметін сәтті орындайды. Бұл әрбір қоғамның өзіне тән ерекше белгісі.
Қорыта келгенде, Ресейдегі қазақ диаспора өкілдерінің Қазақстан мен
Ресейдің достық қарым-қатынастары арқасында мәдениеттің екі толқынында
дамуға мүмкіндіктері бар [4].
Кесте 3
Республикалар бойынша қазақ диаспорасының саны (2008 ж)
Республикалар бойынша Қазақтардың саны(адам)
Карелия Республикасы 205
Коми Республикасы 553
Адыгея Республикасы 94
Дагестан Республикасы 619
Ингушетия Республикасы 38
Кабардино-Балкария 285
Республикасы
Калмыкия Республикасы 5011
Карачаево-Черкесск 248
Республикасы
Удмуртия Республикасы 339
Чеченской Республики 470
Башкортостан Республикасы 4092
Марий Эл Республикасы 168
Мордовия Республикасы 122
Татарстан Республикасы 1832
Кесте 3 жалғасы
Республикалар бойынша Қазақтардың саны(адам)
Бурятия Республикасы 711
Республики Северная Осетия – 265
Алания

Республикалар бойынша қарастырған кезде көрсетілген диаграммадан
байқап отырғанымыздай ең көп қазақ диаспорасы Қалмық,Бащқортостан және
Алтай республикаларында республикалармен, облыстармен қоса атономдық
округтерде тұрып жатыр.Атап айтқан республикалар Қазақстан Республикаксының
шекарасымен шектесіп жатыр, бұл дегеніміз тарихи отандарында тұрып жатқан
этникалық қазақтар деген сөз (3 сурет).

Сурет 3. Ресей Федерациясының республикалары бойынша қазақтар саны
(2008ж.)
Сонымен қатар, республикалармен, облыстармен қоса атономдық округтерде
де қазақ диаспорасы қоныс тепкен (4 кесте).
Кесте 4
Автономдық округтар бойынша қазақтар саны (2008 жыл)
Автономдық округ аты Қазақтардың саны (адам)
Ненецк автономдық округы 12
Коми-Пермяцк автономдық 17
окр.
Еврей автономдық облысы 94
Ямало-Ненецк автономдық окр. 1404
Усть-Ордынско Бурят 49
автономдық округ
Таймыр (Долгано-Ненецк) 57
автономдық округ
Кесте 4 жалғасы
Автономдық округ аты Қазақтардың саны (адам)
Чукот автономдық округ 48
Ханты-Мансийск автономдық 4258
окр.

Автономдық округтар бойынша қарастыратын болсақ, берілген диаграммадан
байқап отырғанымыздай ең көп қазақ диаспорасы Ямало-Ненецк автономдық
округында тұрып жатыр. Ал ең аз үлесі Ненецк автономдық округына тиесілі
екен (4 сурет).

Сурет 4. Ресей Федерациясының автономдық округтары бойынша
қазақтар саны (2008 ж.)
1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының
Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9
000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013
төлеңгіттер (алтайлықтар) болған; 1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264
адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды. 1995 жылы
аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт
(алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс
тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу. Этникалық өзін-
өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің
өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-
дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының
қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының
жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі
бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% — ұлы жүзге және 1% — кіші
жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады.
Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет
деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр
ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді (5 кесте).
Кесте 5
Өлкелер бойынша қазақ диаспорасының саны (2008 жыл)
Өлкелер бойынша Қазақтар саны
Примор өлкесі 1296
Хабаров өлкесі 841
Алтай өлкесінде 9825
Краснояр өлкесі 2613

Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың
70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам
ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны — киіз үйлер де кең
тараған. Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым.
Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш
ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей (5 сурет).

Сурет 5. Ресей Федерациясының өлкелері бойынша қазақтар саны
Жалпы алғанда Ресей қалаларында қазақтардың 32,5% (212 741 адам),
сәйкесінше ауылдарда – 67,5% (441 221 адам) тұрады (6 кесте). Сәйкесінше
төмендегі берілген салыстырмалы көрсеткіші.
Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында
анағұрлым сирек кездеседі. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы
дәстүрлі түсінік жаңа нормалар Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда
қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. Отбасылық
рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-
құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай
ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда ерлердің және әйелдердің ісі
деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Этникалық қазақтардың саны Ресейде
тұрып жатқан барлық қазақтарды есептегенде 0 мен 17 жас аралығында 29,9%
(195547адам), 18 мен 29 жас аралығында 19,8% (129357 адам) қазақтар тұрады.
Шекаралас аймақта тұрып жатқан қазақ диаспорасы ауыл тұрғындары. Бірақ
көшағаш ауданындағы қазақ отбасылардың өміріне дәстүрлік сипаттар бар,
мысалға отбасылардың ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы.
Кесте 6
Ресей Федерациясында тұратын қазақтар саны (2008 ж.)
(жынысы бойынша)
Ерлер мен әйелдер
1949 443 000
1979 848 000
1982 907 000
1990 964 000
Кесте 9 жалғасы
Жылдар Қазақтар саны
2005 1 млн.296 мың
2007 1 млн. 500 мың

Сурет 8. Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың жылдар
бойынша алынған салыстырмалы көрсеткіштері (2007 жыл)
Берілген диаграммадан біз 2007 жылы қазақтардың санының едәуір өскенін
байқап отырмыз. Оның бірден – бірден себебі болып сол елде турып жатқан
қазақтар ҚХР-ды өздерінің отандары деп есептегендігінен. 1982 жылғы
көрсеткіштерді 2007 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда қазақтар санының
жалпы салмағына сүйене отырып айтатын болсақ, қазіргі күнге дейін Қытай
Халық Республикасында тұрып жатқан қазақ диаспорасының 80%-ға жуығы сол ел
территориясында туылғандар болып саналады. Яғни өздерінің отандарында тұрып
жатыр деген қорытындыға келеміз.
Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия
саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар
негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста,
сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ уездерінде, Ганьсу
провинциясының Ақсай-Қазақ автономиялық уезінде және аз мөлшерде Пекинде
тұрады (9 сурет). ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір
сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам
қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында
тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай, Іле және Тарбағатай (Чугучак)
округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 35
бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық уезі мен
Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ
автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш
рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар саны жағынан
ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4%
құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың
саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО
басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ
автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық уезі және
Ганьсу провинциясындағы Ақсай-Қазақ автономиялық уезі. Цинхай
провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы бар, оны
көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты
автономиялық қазақ болыстары бар.

Сурет 9. Қытай Халық Республикасынадағы қазақ диаспорасы тұрып
жатқан территория
Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917
жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық
болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған
күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа
тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды,
қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері
бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар.
Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін
туылғандар, оның 70% — 1962 жылдан кейін және 50% — мәдени революциядан
кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, тууды реттеу саясатын жүзеге асыруда
хань емес халықтарға жасалған белгілі бір жұмсақтық туралы қорытындыны
білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп
қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін
мәдени революция кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және
оларда жалпы мәдени революция буындарына тән психологиялық
ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының
мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі
прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы
мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында
әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1
483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта
мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала
сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы
санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында
– 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында
сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы
қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз [7].
Қытай Халық Республикасындағы Диаспора мүшелерінің жұмыс істеу
салалары келесідей:
1) Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі
немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% — жер өңдеуде, мал,
балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған;
2) кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659;
3) зауыттар мен фабрикаларда – 3781;
4) құрылыста – 2016;
5) көлік және байланыста – 2224;
6) сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152;
7) денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045;
8) мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді (10
сурет).
2005 жылдардың басындағы Қытай Халық Республикасындағы қазақтар кәсібі
жағынан былайша бөлінген:
9) әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889; мемлекеттік
органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты
қызметкерлері – 5 821;
10)іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809;
11)сауда қызметкерлері – 3 816;
12)қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812;
13)жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752;
14)өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы
жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін
қазақтардың 7,43%.

Сурет 10. Қытай Халық Республикасындағы қазақ диаспорасының жұмыс
істеу салаларының көрсеткіштері.
Диаграммадан көріп отығанымыздай, Елдің халық шаруашылығында жұмыс
істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ
халқының 82,58% — жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында,
екінші орынды Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздану алады. Бұл салада
қазақтардың 5 пайызы шоғырланған. Ал қалған жұмыскерлер басқа салаларда
еңбек етеді.
2007 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және
жағдайы осындай болатын [8].
Іле-Қазақ автономиялық облысы
Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару
органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және
телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) (11 сурет). Қызыл
түспен берілген қазақ диаспорасы тұратын территория. Қазақстанмен тұтастай
шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші
әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл
қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші
хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы
білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және
әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет
пен құқық қорғау органдарында байқалады.
Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе
ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы — Құлжа (қытай транскрипциясында — Инин)
бір мезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар
облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және
орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары.

Сурет 11. Іле – Қазақ автономиялық облысының картасы
Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде
бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын
жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі
қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына
қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар
лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың
әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ
автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан зор болып отыр [8].
Орта Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының жағдайы
Өзбекстан Республикасы
Қазіргі күнде Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми
мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 млн.-ға дейін жеткізіп
отыр. Алайда қазақтардың саны 1 млн. 660 мың адам деп сеніммен айтуға
болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың
Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы,
Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан
Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың
оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда
Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына
сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты.
ҚР Азаматтығы туралы Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл
мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін
обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат
алуы мүмкін. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбекстан,
қазақ диаспорасының балалары үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19
300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім
беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды
ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің
латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр. Көрші Өзбекстанда
тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен
байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға
шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-
экономикалық проблемалар.
Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің
хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз
қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде
оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы
білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша
қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен
күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен
айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық
қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді.
Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды
ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан
өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі
басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан,
жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр.
Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының
бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері
республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік
шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар
санының артуы осының жанама дәлелі бола алады.
Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық
жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді
құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ
халқын ғана шеттету деп қарамау керек.
Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына
қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің
төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері
оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі [11].
Қырғызстан Республикасы
Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық
қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65
мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам),
Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-
Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам)
облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған
жоғары — 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш
білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. Жалпы
алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған,
ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне
сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі,
95 — өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы
жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ
деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды [12].
Түркменстан Республикасы
1995 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша Түркменстанда 86 987 қазақ
тұрады (елдегі халықтың жалпы санының 4%). Олар Дашогуз (33 000 адам),
Балкан (22 000 адам), сондай-ақ Марый және Лебап уәлайяттарында
(облыстарында) жинақы қоныстанған және негізінен мал шаруашылығымен
айналысады, тамақ және мұнайөңдеу салалары мен әлеуметтік салада жұмыс
істейді. Біздің елшілігіміздің мәліметтері бойынша 2003 жылы мұнда 110 000
қазақ тұрған. ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің
директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы
уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше
өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына
байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен
тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын
жіберді. Алайда Түркменстанның … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!