Мен Қазақстанда өзімді бақытты сезінемін

0

«Астана» футбол клубының капитаны Ненад Эрич «Қайратқа» (2:0) қарсы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесуді қорытындылап, Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабын неліктен аяқтағанын айтып берді:

— Оқу-жаттығу жиынынан енді ғана оралып, артынша Суперкубокты жеңіп алғанымызға өте қуаныштымын. Жақсы жағдай, жақсы стадион және жақсы атмосфера болды. Біз бүгін лайықты жеңіске қол жеткіздік. Әрине, чемпиондық туралы айту әзірге ерте. Бізді алда қызықты маусым күтіп тұр.

— Қазақстан құрамасы сапынан неліктен кеттіңіз?

— Мен бұл туралы ұзақ ойландым. Менің жасым 36-да. Мені алда чемпионат, кубок және еурокубок аясындағы өте көп ойындар күтіп тұр. Маған төрт фронтта ойнау өте қиынға соғар еді. Қазақстанда жас, әрі мықты қақпашылар жеткілікті. Алайда, мен ойыншы ретіндегі мансабымды аяқтау туралы ойланған жоқпын.

— Маусым аралық үзіліс кезінде команда құрамынан Ласло, Энрике, Алмейда және т.б. бірнеше ойыншылар кетті. «Астана» осы аралықта қаншалықты әлсіреді?

— Әрине, Ласло, Энрике, Алмейда – командаға көп еңбегі сіңген футболшылар. Дегенмен, бұл футбол. Барлығы болады. Ілгері жылжу қажет.

— Қазақ тілінде қандай сөздерді білесіз?

— «Қалайсың», «жақсы», «рахмет», «хабарласамыз» деген сияқты сөзерді білемін (күледі). Мен Қазақстанда өзімді бақытты сезінемін. Тек Астанада ғана емес, барлық жақта маған адамдардың көзқарасы өте жақсы.



Дереккөз: prosports.kz/kz