Исламхан «Қайратқа» келгелі ҚПЛ-дегі ең сәтсіз маусымды бастан кешіп отыр » Vesti.kz

0
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресейлік «Кубаннан» 2014 жылы «Қайратқа» ауысқалы ұлттық чемпионаттағы ең нашар маусымын өткізіп отыр, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы премьер-лиганың 29 матчында ол бес нәтижелі пас беріп, үш қана гол салды. Мұның алдындағы маусымдар нәтижелірек болатын. 

Мәселен, 2014 жылы — 5 гол + 9 ассист (31 ойын), 2015 жылы — 7+6 (29), 2016 жылы — 17+9 (31), 2017 жылы — 11+8 (27).

Сонымен қатар, жазда футболшының трансферлік құны түсіп қалды: екі миллион еуродан 1,8-ге. 

Өткен Қазақстан чемпионатында Исламхан ғана емес, команда түгелдей нашар ойнады да, премьер-лиганы жеңіссіз аяқтады (төрт жеңіліс және екі рет тең). Алайда алматылықтар қатарынан төртінші жыл КПЛ-дің күміс жүлдегері болып отыр.