Түркістан облысында 9 жасар баланы зорламақ болған адам ұсталды — новости Казахстана
Түркістан облысының Ақсукент ауылында тоғыз жасар баланы зорламақ болған 42 жастағы ер адам ұсталды. Теріс пиғылды тұрғынды баланың ата-анасы ұстап алып, полицияға тапсырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазір күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 24 бабы және 121 баптың 4-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ол кәмелетке толмаған жеткіншекке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жауап береді.
Айта кететіні, ер адам бұл әрекетін ішімдікке сылқия тойған күйде жасаған.
Сайрам аудандық соты 42 жастағы ер адамды тергеу уақытында екі айға қамауға алуға шешім шығарды.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар