​Демалыс күндері көп ұйықтау денсаулыққа зиян

0

​Демалыс күндері көп ұйықтау денсаулыққа зиян

Колорадо университетінің мамандары апта бойы ұйықтамай, демалыс күндері ұйқыны қандырудың денсаулыққа зиян екенін анықтады.


 
Ғалымдар эксперимент барысында апта бойы шала ұйықтап, демалыс күндері оның орнын толтыру ағзада ауытқу тудыратынын анықтаған.  Зерттеуге 18-39 жас аралығындағы 36 адам қатысқан. Ғалымдар оларды бірнеше топқа бөлген. Бірінші топ тоғыз күн бойы тоғыз сағаттан, екінші топ бес сағаттан, үшінші топ жұмыс күндері бес сағат, демалыс күндері молынан ұйықтаған.
 
Нәтижесінде екінші және үшінші топтағылардың салмақ қосқаны анықталған. Сол себепті мамандар күніне 8-9 сағат ұйықтау қажет дейді.
Дереккөз: КорреспонденТ

http://inform.kz