Жаңабек Шағатай | өмірбаяны

0

Жаңабек Баққондыұлы Шағатай  – жазушы Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі.. 1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Талас ауданыың Үшарал ауылында дүниеге келген. 1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген. Ауыл шаруашылығы саласында, кұрылыста жұмыс істеген.

1985 жылдан бастап «Жалын» баспасының аударма бөліміне редакторлық қызметке кабылданды. Мұнда ол Жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық, шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды. Өзі орыстың белгілі жазушысы Юрий Нагибиннің «Протопоп Авва¬кум» атты әңгімесін, С.Ивановтың бірқатар әңгімелерін қазақшаға тәржімалады. 1990 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке ауысып, одан кейінгі жылдарда «Халық конгресі» газеті, «Парасат» журналында әртүрлі қызметтер атқарды. Қазіргі уақытта «Түркістан» газетінде. 1991 жылы «Көкөзек шақ» жинағы үшін М.Мақатаев сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, 1990 жылы «Бірінші кластың баласы» атты хикаяты «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған дәстүрлі жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болған. 2005 жылы «Жазушы» баспасынан «Ызғырық» атты жинағы жарық көрді.