Қазақша өлең: Құралай Омар (Хабарсыз кеттіңіз шынымен….)

0

Қазақша өлең: Құралай Омар (Хабарсыз кеттіңіз шынымен....) казакша Қазақша өлең: Құралай Омар (Хабарсыз кеттіңіз шынымен....) на казахском языке

Хабарсыз кеттіңіз шынымен,
Ұстатпай… Ұқсайсыз қашқанға.
Хат жаздым сізге арнап түнімен
Сағыныш жайында аспанға.

Әсемдеп Айменен, жұлдызбен
Жүректің сөздерін көкке ілдім.
Сіз ұйықтап жаттыңыз бір қызбен,
Көруге шамаңыз жоқ, білдім.

Таң жақын, жұлдыздар маужырап барады,
Хаттарым тағы да оқылмай қалады…