Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Күпшек санды тіл жалмаған күренді)
Күпшек санды тіл жалмаған күренді
Тілеген достан аяман!
Тілекті бірге тілеген
Малымды достан аяман
Тайғақ кешу, тар жерде,
Менім достым бар-ды һәр жерде,
Іздесем табылмайды тар жерде.
Табылмаса қайтейін,
Мен ісімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде.