Еркін Жаппасұлы өмірбаяны

0

Еркін Жаппасұлы 1954 жылы 6 маусымда Семей облысы, Ақсуат ауданы «Екпін» ауылында туған. 

1971 жылы Ақсуат қазақ орта мектебін бітірген. 

1971–1973 жж. Ақсуат аудандық Пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған. 

1975 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп оралған соң аудандық музыка мектебінде ұстаз болған. Мектеп қабырғасында жүріп музыка мектебін қоса тамамдаған. 

1982 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында еңбек еткен, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметті тілші болып бастаған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары. 

Алғашқы сықақ шығармалары 1967 жылдан бастап облыстық «Семей таңы», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» газеттерінде, «АраШмель» және «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында жарияланған.

«Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді…», атты т.б. сатиралық кітаптары жарық көрген. 2003 жылы «Қымсынбашы, қылықтым» атты кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Мыңқетпес мыңқ етер емес» әзілсықақ әңгімелер жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған

«Қазақстан», «Хабар» арналарының әзілсықақ хабарларының, «Тамаша» ойынсауық отауының тұрақты авторы.