Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені)

0

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйеді жүрек тек сені) на казахском языке

Сен мені түсінбедің,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Бірақ, мені ұмыта алмайсың сен,
Біткенше күшің-демің.

Сен мені ұқпадың да,
Өзге жанның кеткен соң ықпалында.
Білесің бе, жаным-ау, сүю атты,
Қарсы жүзе алмадың мықты ағынға.

Сен мені қорсынасың,
Десем-дағы өзіңді «жансың асыл».
Күні ертең-ақ келесің маған қайтып,
Тастап кетсе бір күні «қарсыласым».

Сен мені елемейсің,
Азап шегіп мен үшін көрсін дейсің.
Өзгелермен сүйісіп таң атқанша,
Жеңер болса жырымен жеңсін дейсің.