Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру

0

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………….
І ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері ………………………………………………………………..
1.2 Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың ерекшеліктері мен формалары, әдістері…………………………………………………..
ІІ ТАРАУ Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары
2.1 Бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымы..
2.2 Ана тілі пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологиялары……. (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі )
Қорытынды ………………………………………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер ………………………………………………….

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейтестілігі.
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген.
Осы міндеттің бірден бір шешудің бірден – бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: « Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі- балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру»,-деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқыушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көпдеңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі «дамыта оқыту» жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында «Дамыта оқыту» тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.
Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыруды қажет. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды « Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру» деп атадық.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі. (1 сынып)
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана-тілі сабақтарында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.
Мақсаты: «Дамыта оқытудың идеясын» таныту. «Дамыта оқытудың» теориялық негіздеулерімен танысу. Инновациялық технологиялардың тиімділігін арттырудың әдіс-тәсілдерін анықтап, сабақтарда пайдалану.
Міндеттері: «Дамыта оқытудың » оқушының дамуы мен іс-әрекетіне әсерін көрсету; Бастауыш мектепте «дамыта оқытуды » жүзеге асырудың жолдары мен маңыздылығын көрсету;
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлерін ашу; Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.
Диплом жұмысы кіріспедан, 2 тараудан, 4 параграфтан, қорытындыдан,пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмысының өзектілігі көрсетілген. Онда ҚР Білім Заңынан, ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасынан білім беру деңгейлеріне түсініктеме берілген. Тақырыпқа байланысты атақты педагогтардың еңбектері келтірілген. Жұмыстың оьектісі,пәні,мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері берілген.
«Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары» атты І тарауда дамыта оқытудың ролі, оны зерттеудегі теориялық талдаулары келтірілген. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жолдары, әдістері берілген.
«Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудың әдістемелік негіздері және оларды іске асыру жолдары » атты ІІ тарауда бастауыш мектепте ана тілі сабағын дамыта оқытудың құрылымын, ана тілі пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологияларын келтірген, және де педагогикалық әдебиеттер мен озық іс-тәжирибелерге сүйене отырып, үлгілік сабақтар өткізе білген. Қорытындыда жүргізген жұмыстардың нәтижелері көрсетілген.
І ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың педагогикалық шарттары
1.1 Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері
1.2
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықгайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.
Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму ұғымы философиялық сөздікте»… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы»,- деп түсіндіріледі. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықгау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
«Даму» ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
І.Бала дамуының жақын аймағы — баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек… Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л.С.Выготский.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бүл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап,- оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.
Бұл тұжырымдама «екіліксіз қалай оқытуға болады», білімге деген қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту — дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер [25] «даму» деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков /24/ ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс -әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов /23/ ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған.
И.Т.Песталоцци /26/ баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Диствергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. ‘»Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді » -деген. «Дамыта оқыту» деген термині психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, НА. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі — баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін — өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықгы жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшін бала өзінің бүған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мүндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
І. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
З. Шешімнің дүрыстығын дәлелдеу;
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақгау арқылы жүзеге асады.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқгалған жөн. Қоршаган ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.
1.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.
Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.
І. Жоғары қиындықга оқыту принципі.
Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз.
Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган артпу жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.
Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.
2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі.
Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, завдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.
Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді. Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың «Жаяу Мұса» әңгімесінде үлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. «Өзің аттас» деп әдептілік сақгайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады….