Қазақша реферат: Биологиялық мембрана дегеніміз не? |
Биологиялық мембрана — көбінесе плазмотикалық немесе цитоплазмалық мембраналар деп аталатын және үздіксіз жаңарып отыратын бейімделгіш, тұрақсыз құрылымдар. Олар қызметі жағынан торшаның өте күшті беткейлік құрылымдары. Торшаның ішінде барлық құрылымдар үшін керекті митохондриялық, лизосомдық, ядролық және басқа мембраналар бар. Мембраналар цитоплазмалар мен торшалар ішіндегі кұрылымдарды оқшаулап, өзекшелер мен қатпаршалардың торшадағы жалпы жүйесін құрайды. Олар дамудың мына төмендегідей өте күрделі қызметтерін атқарады: торша құрылымдарының дамуы, торша ішіндегі гомеостазды қамтамасыз ету, жүйке импульстарын қоздыру және өткізу қүбылыстарына қатысу, фотомехано, хеморецепция, секреция, газ алмасу, ұлпалық тыныс алмасу, энергияны жинақтау мен тасымалдау және тағы басқа қызметтер. Осы қызметтердің барлығыда әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде бүзылатыны айдан анық. Олар дәрілік заттардың әсерінен айтарлықтай өзгереді. Мембраналардың дәрілік заттардың әсер ету механизімдегі маңызы күннен күнге ашылып келеді, бірақ мұны толық анықтау үшін олардың құрылысы мен физиологиялық қүбылыстарға әсері жөнінен көбірек мағлұматтар керек.
Биологиялық мембараналдың қүрылысы өте күрделі. Ондағы липидтердің құрамы 25-70 пайызға жетеді. Оның липидті кұрамы өте бай және тез өзгеріп отырады, бір мезгілде гидрофильді де, гидрофобтыда қасиет көрсете алады. Белоктардың құрамы да әр түрлі, олардың барлығы да толық немесе жартылай болсада липидті қабатқа енеді; белоктардың ішінен қызметі жағынан маңыздылары — ферменттер мен тасымалдау жүйесінің белоктары. Көмірсулар негізінен гликопроидтер мен гликолипидтер күйінде кездеседі. Мембрананың кұрамында осы қосылыстардың барлығы да болады, сол себепті олар эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен тез өзгеріп отырады. Олардың қызметі күрделі және дәрілік заттар әсерінен оңай өзгереді. Ең маңыздысы мембрананың тасымалдау қызметі. Осы қызметі арқылы ол торша ішіндегі гомеостазды, жүйке импульстарын қоздыру мен өткізуді, энергияны тасымалдауды, зат алмасу қүбылыстарын және басқаларды қамтамасыз етеді. Тасымалдау өте тез жүреді. Йондардың қозғалысы жылдам немесе баяу өтеді. Кез келген дөрілік заттардың әсерінен әртүрлі физиологиялық жүйелердің қызметі мен биохимиялық процестерде көптеген өзгерістер болады. Осы өзгерістердің әрқайсысына тән алғашқы шарттары мен себептері болады да, оны фармакологияда әсер ету механизімі дейді. Әсер ету механизімі дегеніміз негізінен алғанда эксперименттер арқылы дәлелденген әсер ету тұжырымы. Дәрілік заттардың кез-келген әсері олардың торшалардағы белгілі бір кұрылымдарымен немесе организмнің физиологиялық жүйелерімен өзара әсерлесуінен басталады. Мұның нәтижесінде торша құрылымдарымен дәрлік заттардың арасындағы өзара ара қатынасы, құрамы немесе қасиеті өзгереді де, соның салдарынан осы құрылымдардың әртүрлі мүшелер мен жүйелер арасындағы әлсіреуі де өзгеріске ұшырайды. Дәрілік заттардың әртүрлі бағыттардағы әсер ету механизімін білудің бағалы препараттарды анықтауда маңызы өте зор.