Халық медицинасы: Безеуге қарсы маскалар
Көптеген адам безеуден құтылу үшін қымбат дәрілермен, кремдер сатып алады. Негізі, безеуді үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау арқылы емдеуге болады. Үй жағдайында безеуге қарсы маска жасау сіздің қаржыңызды үнемдейді. Үй жағдайында безеуге қарсы мынадай маскалар жасауыңзыға болады.
Безеуге қарсы маскалар
1. Түрлі дәрілік өсімдіктерден безеуге қарсы әсерлі маска жасауға болады. Мысалы: 1 шай қасықтан түймедақ гүлін, жалбыздың жапырағын және көк шайды алыңыз. Қоспаға 1 стақан қайнаған су қосып, суытып қойыңыз. Осы тұнбамен безеу шыққан теріні таңертең және кешке сүртіп тұруы тиіс. Тұнбаны тоңазытқышта сақтау керек.
2. Безеуді кетіру үшін кәдімгі тіс пастасында қолдануға болады. Тіс пастасы міндетті түрде ақ болуы керек (түрлі түсті болмағаны абзал). Дәрілік өсімдіктердің қоспасынан болса тіпті жақсы. Түнде әрбір безеуге тіс пастасын жағыңыз, таңертең безеулер кеуіп кетеді.
3. Безеулерді кетіруге жолжелкеннің жапырақтарыда көмектеседі. Жолжелкеннің жапырақтарының шырынымен безеулерде күніне 2-3 рет сүртіп тұруы тиіс. Осылайша беттегі безеулерден арыласыз.
4. Түймедақ тұнбасы халық медицинасында безеуге қарсы кеңінен қолданылады. 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген түймедақ гүлдерін қосып, 5 минут қайнатыңыз. Содан соң, 30-40 минут тұндырыңыз. Осы тұнбамен күнделікті таңертең және кешке безеу шыққан теріні сүртіңіз.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz