Шаш көп түссе не істеу қажет?
Самырсын мен гүлшетен (розмарин)
Самырсын майы шаштың түбін жақсы бекітеді. 1 ас қасық бал, жұмыртқаның сарысы, аздаған зәйтүн майы, 3 тамшы гүлшетен майы мен сондай мөлшерде самырсын майы. Самырсын мен гүлшетен майын балмен әбден араластыру керек. Одан кейін жұмыртқаның сарысы мен зәйтүн майын қосыңыз. Масканы жақсылап араластыру керек, тым қою болмасын. Дайын болғанда таза шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қалташа (пакет) киіп, сыртынан орамалмен жылы ораңыз немесе қалың баскиім киіңіз. Жарты сағаттан кейін басыңызды жуыңыз. Май оңайлықпен кетпей жатса, балалар сабынын немесе майлы шашқа арналған сусабын қолданыңыз.
Жұмыртқаның сарысы + бал
1 ас қасық ошаған майы (репейно масло), 1 ас қасық бал мен 2 жұмыртқаның сарысын араластырып, бас терісіне жағыңыз. Басыңызды жылы ораңыз. 1 сағаттан астам уақыттан кейін басыңызды жуыңыз.
Зәйтүн майы
Стаканның төрттен біріне зәйтүн майын құйып, су ваннасында жылытыңыз. Жылы майды бас терісіне саусақтарыңыздың ұшымен массаж жасай отырып жағыңыз. Басыңызға полиэтилен қалташа (пакет) киіп, сыртынан орамалмен жылы ораңыз немесе қалың баскиім киіңіз. Солай мейлінше көбірек жүрген дұрыс. Кейін масканы қарапайым сусабынмен жуып тастайсыз.
Ашыған сүт
Ашыған сүтті жылытып, басыңызға жағыңыз. Басыңызды жылы ораңыз. Жарты сағаттан кейін лимон шырыны қосылған жылы басыңызды жуыңыз. Сусабын қолданудың қажеті жоқ.
Бал + коньк + алоэ + жұмыртқаның сарысы
Дәріханадан алоэның 5 ампуласын алыңыз. Оған жұмыртқаның сарысын, 1 ас қасық коньяк пен сондай мөлшерде бал қосамыз. Жақсылап араласқан масканы бас терісіне массаж жасай отырып, жағамыз. Басты орап, жарты сағаттан соң жылы сумен жуамыз.
Иланг-иланг майы
2 жұмыртқаның сарысы, 1 тамшы базилик майы, 1 тамшы гүлшетен майына 2 тамшы иланг-иланг майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Масканы шаштың түбіне жағып, жарты сағатқа жылы ораңыз. Одан кейін сусабынмен шашыңызды жуыңыз.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz