Меңілбеков Қазақстанның БАӘ елшісі қызметіне тағайындалды
Қайрат Лама Шариф аталған лауазымнан боасталды.
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жаңа елшісі тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,- делінген хабарламада.
Айта кеткен жөн, бұған дейін аталған қызметті Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф атқарған болатын.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, — деп жазылған мемлекет басшысының сайтында.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz