ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: Роман Склярдың өмірбаяны

0
115

Министр Роман Скляр еңбек жолын отыз жыл бұрын «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы болып бастаған  

Өмірбаяны

Скляр Роман Васильевич 1971 жылы 8 мамырда Қазақ КСР-нің Павлодар қаласында дүниеге келді.

Білімі

Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы «инженер-құрылысшы».

Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институты, мамандығы «экономист».

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы «заңгер».

Отбасылық жағдайы

Әйелі – Мельник Елена Петровна. Ұлы – Скляр Андрей Романович.

 Еңбек өтілі

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы болып бастады.

1990 жылдан 2002 жылға дейін түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

 2002 жылы Павлодар облысы әкімдігіне жұмысқа тұрып, бір жылдан кейін Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болды.

2005 жылы Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

Сол жылы аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметіне ауыстырылды.

2006 жылы Роман Скляр елордаға көшіп, Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімін басқарды.

2007 жылы Астана қаласы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры болып тағайындалды.  

2008 жылы Павлодарға қайта оралып, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2010 жылы облыс әкімінің бірінші орынбасары болды.

2011 жылы Астанаға оралғаннан кейін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2014 жылы – «Қазақстан темір жолы» АҚ вице-президенті.

2016 жылы Скляр Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болды.

Сол жылы ол Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр лауазымын атқарды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап  Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымын иеленді.  

Өзге қызметтері

2007-2008 жылдары Роман Скляр «Астанаэнергосервис» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және «Қалалық электр желілері» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2017 жылдың наурыз айынан бастап – «ҚазАвтоЖол» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Депутаттық қызметі

Роман Скляр «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. 2016 жылдың ақпан айынан бастап – «Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Марапаттары мен атақтары

«Құрмет» және «Парасат» ордендері, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, Ассамблеяның «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі».



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз