Жеңіс Қасымбектің жаңа қызметі мақұлданды
Мәжіліс комитетінің мүшелері Ж. Қасымбекке бірқатар сұрақтар қойды. Талқылаудан кейін тиісті Қорытынды қабылдады.
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына кандидатураны келісті, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25-ақпан күні Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Онда Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ұсынылып, келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес, Комитет отырысында қаралды.
Қазақстан Премьер-Министрінің атынан кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.
Мәжіліс депутаттарына Н.Алдабергенов Ж. Қасымбектің Үкімет жұмысында стратегиялық бағыттар бойынша маңызды шешімдер қабылдай алатынын атап өтті.
Мәжіліс комитетінің мүшелері Ж. Қасымбекке бірқатар сұрақтар қойды. Талқылаудан кейін тиісті Қорытынды қабылдады.
Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді.
Отырыс соңында депутаттар кандидаттың алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz