Қазақша тақпақ: Ойыншық, Қуыршақ

0

Қазақша тақпақ: Ойыншық, Қуыршақ казакша Қазақша тақпақ: Ойыншық, Қуыршақ на казахском языке

Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін


Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.


Ойыншығым қуыршақ,
Не берсем де жемейді.
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.


Ойыншығым күшігім,
Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.
Шіренгені болмаса,
Отырғандай ұл жұмсап.


Ойыншығым қонжығым,
Анасын да білмейді.
Қорбаңдаған аюды,
Түсінде де көрмейді.


Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.


Ұшағым бар ойыншық,
Ұщырмасам ұшпайды.
Айналам деп аспанды,
Шаршағанға ұқсайды.


Ала добым аямай,
Ұрсам жерге өршиді.
Шығып кетіп қолымнан,
Паналады көрші үйді.


Досым маған ойыншық,
Машинасын сыйлады.
Бірақ оның ішіне,
Саусағым да сыймады.


Ойыншығым торғайды,
Тракторға мінгіздім.
Жер жыртуды үйретіп,
Жолсыз айдап жүргіздім.


Ойыншығым роботтың,
Тілін өзім білемін.
Жасанды темір адамның,
Басқарамын жүрегін.


Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын сауық құрыңдар.


Ойыншықтарды шашпаймын,
Түймемді өзім қадаймын.
Жуып жеймін үнемі,
Алма, алмұрт, шиені.
Суды жақсы көремін,
Қашанда таза жүремін.


Қуыршақ

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
Қуыршақтар уйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды.
Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса,
Тұрғызамын бұрышқа!


Ойыншықтар көп екен,
Бірге ойнайық, балақай.
Көгорай шалғын көк екен,
Жарысайық, алақай!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз