Home›Білім›Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл)
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Көңіл мен тіл)
25 Ақпан, 2019, 08:27
0
Көңіл мен тіл Тіл — көңілдің тілмашы, Көңілдің жоқ сырласы. Тілмашыңды оң жұмсап, Теріске, көңілім, бұрмашы. Айтқанын қып қожаныңның, Тілім қарап тұрмашы! Аңғырттанып беталды, Масқара мені қылмашы, Тым құқтыртпай тия ұста, Тілмашыңды, мырзасы.